15.04.2023
133
АҚЫРЗАМАН ХАҚЫНДАҒЫ ДИУАН
Ақырзаман – ол болар,
Ал ей, ұлық, сен хабар:
Шын мұсылман аз қалар –
Күмәнға ол да жем болар.
Жалған сопы мұндарлар –
жамағатты күнде алдар;
Ұқпас халық шын жолды, ал,
Саңырауша сандалар.
Жетім хақын жеп келген
Қайыр кетер бектерден;
Кеуде – нәжіс кептелген,
Ұрттағаны қан болар.
Дін айналып мазаққа,
Ерлер қалып азапта,
Тажал шығып азатқа –
Бар билікті қолға алар.
Туыс алыс жаттан да –
Шайтан құрған қақпанда,
Мақшар таңы атқанда
Ол бейбақтар зар қағар.
Жүніс, сақ бол ісіңе,
Ғашық кірсін түсіңе.
Сенің сүйген кісіңе
Болсын мәңгі Алла – Жар!