15.04.2023
182
ШАҚЫРАЙЫН, МӘУЛІМ, СЕНІ
Тауларыммен, тастарыммен,
Анау түпсіз аспаныммен
шақырайын, Мәулім, сені.
Сахарларда құстарыммен
–
Барлық ғашық достарыммен
шақырайын, Мәулім, сені.
Тұңғұйықтан тәлім көріп, Сахарада сағым болып,
Пендешілік заңын жеңіп,
шақырайын, Мәулім, сені.
Көк жүзінде Иса болып,
Тұр тауында Мұса болып,
Қолындағы аса болып
шақырайын, Мәулім, сені.
Аюбша азап татып көріп,
көзі жасты Жақып болып,
Мұхаммедтен жақұт теріп,
шақырайын, Мәулім,сені.
Мадаққа ылайық ісімі Алла, мағынасы – «Құлһу-Алла»,
Тілде дәйім
– Зікірулла!
–
Шақырайын, Мәулім, сені.
Дүние
-боқты талақ қылып,
тағат қылып таң аттырып,
Хақ Дидарын талап қылып
шақырайын, Мәулім, сені.
Жүніс, сені құрсар бұл жыр
–
Жанда сайрап мың сан бұлбұл;
Ғашықтарды құрсан қылғыл,
шақырайын, Мәулім, сені.