15.04.2023
  116


Автор: Жалаладдин Руми

МЕДЕТ

Мақсатымыз – суару ед әділеттің дарағын,
Ал залымдар өсірмекке әуре боп жүр тікенін.
Өшсін тікен! –
Ғашықтардың жаттап алып зар-әнін,
Жаз желі боп есіп түнде, қыздырамыз дүкенін.
Қанша құс бар бұл жаһанда дәнін іздеп шарқ ұрған,
Несібесі кесілмеуге бір-біріне себеп боп.
Асыл іздеп – өз асылын, нәсіліне талпынған,
Көгершін де бір-біріне тұрмаушы ма ед өбектеп.
Ал тікеннің қоршауында паналаған қандай гүл! –
Тікендер де мақтана алар саясында сол гүлдің.
Туса заман, аш көзіңді, тек алысты болжай біл,
Жер тұзағы, қанаттыны қанша мәрте жем қылдың?!
Дұшпандарым ит қосады,
ал ол иттер Айға үріп,
Талап жатыр жан-тәнімді қанжар сынды тісімен.
Мен – ит емен,
сондықтан да қаба алмаймын қайрылып,
Қабам, бірақ тіспен емес, ерінімнің үшімен.
Кеме мұқтаж суға дәйім,
су кірсе оны батырар,
Не жарыңды, не өзіңді тартып кетпек тереңі.
Қауышайық, –
әр пенденің бір-бірінде хақы бар,
Мәнсіз өлім, айрылысу күтіп отыр, себебі.





Пікір жазу