15.04.2023
  122


Автор: Сүлеймен Бақырғани

БАҚЫРҒАННАН САПАРҒА ШЫҚСАМ

Бақырғаннан сапарға шықсам,
Тәуап етіп Қағбамды.
Босағасын сахарда тұтсам,
Көріп Ханнан-Маннанды.
Қара тасқа қолымды ұрсам,
Дем өртеніп – тұтқанда.
Мадақ айтсам, – көңіл құрсан,
Таң алдында Сұбханға.
Шықсам Сафа-Мәруаға,
Жұтсам зәмзәм-тұмамды.
Өлгендерге дәру о да,
Бағыштасам құранды.
Биігінде Арафаттың
Көз жіберсем ғажапқа.
Ғаріптермен барақат-түн
Батсам, шіркін, азапқа!
Тарап маңға нұрлы шұғылам,
Құлдық ұрсам тербеліп.
Болсам сонда діл-мұсылман,
Нәпсім қара жер болып.
Мәдинада қапыны ашам,
Көріп Расул қабірін,
Жүсіп құсап аһыласам,
Кетіп бойдан сабырым.
Қолыма аса таяқ алсам,
Мойында – шыт, көзде – шық.
Сина тауын саяласам,
Мұса Ғимранмен кездесіп.
Фарад-Дижала – ғажайып таң
Салады еске даламды.
 Жырақ кетіп халайықтан,
Кезсем Бахр, Оманды.
Қажылардың сапына еніп,
Ділге сіңсе Хақ сыры.
Дұшпанымның дәті кеміп,
Жеңсе рухым – нәпсіні.
Болып біздей пақырда күй,
Берсе қажы-хатымды.
Мен – Сүлеймен Бақырғани,
Сұрасаңыз – атымды.





Пікір жазу