15.04.2023
111

КӨРДЕ ЖАЛҒЫЗ НЕ ЕТКЕЙМІН?
Мен де айналдым марқұмға,
Көрде жалғыз не еткеймін?
Бәрі қалды артымда,
Көрде жалғыз не еткеймін?
Көмді қолмен өз елім,
Ұл
-қыз, бауыр
– өзегім
Бірі де жоқ
– сеземін.
Көрде жалғыз не еткеймін?
Бөз кебінге орандым,
Аяқ
-бастан оралдым.
Мені тастап жоғалдың,
Көрде жалғыз не еткеймін?
Көрдім ажал іреңін,
Жетті мезгіл
-сүрегім.
Қара жерге кіремін,
Көрде жалғыз не еткеймін?
Досым да жоқ, қасым да,
Сауал, сұрақ
– қасымда.
Барлық қайғы басымда,
Көрде жалғыз не еткеймін?
Мүңкір
-Нәңкір келгенде,
Бар сұсымен төнгенде
Мен күнәһар
– шерменде
Көрде жалғыз не еткеймін?
Қайта шықпас зынданда
Салса шындап сында Алла,
Серіксіз ғап
– тынғанда
Көрде жалғыз не еткеймін?
Өлдім.
Тындым.
Ескірдім.
Болды ғайып дос
-құрбым.
Шаруасы жоқ ешкімнің,
Көрде жалғыз не еткеймін?