НӘПСІ МЕН РУХ ТАЛАСЫ
Нәпсім айтад:
бұл бес күндік жалғанда
Бұ дүниені баққа бөлеп жатам деп.
Бау
-бағыммен тығылам да қорғанға,
Әр жаз сайын жемісінен татам деп.
Рухым айтад:
біліп шарғы ілімін,
Ісін қылып тарихаттың пірінің,
Сахарларда алмай көздің шырымын,
Намаз оқып, рахатқа батам деп.
Нәпсім айтад:
барлық байлық ағылса,
Қытай, қыпшақ, Үндістан да бағынса,
Алтын
-күміс орап алса жалынша,
Бақ бұйырса, салып алам шаһар деп.
Рухым айтад:
Құдай сөзін жадқа ал
-дүр,
Жақсылық та, жамандық та Хақтан
-дүр.
Түнде ұйықтама, ғибадат қыл, сақтан
-дүр,
Ораза тұт, жұтпа күндіз заһар деп.
Нәпсім айтад:
меңгер әбден кәсіпті,
Кім тергейді
– алға келген нәсіпті?!
Елдің асы
– ындыныңа басытқы,
Адал
-арам демей оны жұтам деп.
Рухым айтад:
тауфық тапсам Алладан,
Күні
-түні зікір айтып зарланам.
Нәпсі тежеп, ахиретке қамданам,
Дүние жиман,
Хақтың жолын тұтам деп.
Нәпсім айтад:
игі
-жақсы жанында
Жайғассам ғой ең бір сыйлы орынға.
Келген дәмді сықап алсам қарынға,
–
Біздерге жоқ бұдан жайлы мекен деп.
Рухым айтад:
күн-түн қатып аһ ұра,
Хақ Мәулімнің құлшылық қып хақына,
Құл Сүлеймен мініп ғашық-атына,
Ұзап кеткен ерендерге жетем деп.