meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.04.2023
  124


Автор: Сүлеймен Бақырғани

НАҚЫШ -СОФЫ ХАҚЫНДА

Ғұмыр
– тәмам.
Жасамадың құлшылық,
Жүрегің
– кір, сыртың ғана пірсініп.
Жан
-жарағын қамдамадың құлшынып,
Қармағаның
– қызыл
-жасыл тіршілік.
Нақыш
-софы, неге сонша сорладың?


Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Софы болсаң,
– иманды біл әуелі,
Парыз, уәжіп, сүннет
– дарақ мәуелі.
Жанды баурап шариғаттың әуені,
Адал еңбек сәулелесін сәуені*.
Нақыш
-софы, неге сонша сорладың?

Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Диуанасың, саудың жейсің тамағын,
Тәрк етесің Хақ бұйырған ғамалын.
Бес күн жалған!

Бос сөз болды талабың,
Қу жаныңа рақым жаса, қарағым.
Нақыш
-софы, неге сонша сорладың?


Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Софысынып, құлы болдың нәпсінің,
Шермендесің, түсінбейсің Хақ сырын.
Әулиесіп, кеудеңді ұрып шапшыдың,
Тәубаға кел!

Тозақысың тап, шыным!
Нақыш
-софы, неге сонша сорладың?

Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Шын софының бір сөзінде жалған жоқ,
Құш
ынаш боп елдің малын алған жоқ.
Жалған
-боққа қол
-аяғын малған жоқ,
Сұм нәпсі үшін жүзіқара болған жоқ.
Нақыш
-софы, неге сонша сорладың?

Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Түзу сөйлеп, қисық істі тыймадың,
Халықты алдап, арамнан мал жинадың.
Ертең күнің не болады?
– Бимәлім.

 Шайтанға ақыр сатылады – иманың.
Нақыш-софы, неге сонша сорладың? –
Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Хас сопылар көз салмайды арамға,
Ұйқы, күлкі, шек қояды тағамға.
Әрбір ісі шашады үлгі адамға,
Құдайға құл – құл болмайды наданға.
Нақыш-софы, неге сонша сорладың? –
Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Мұнша жылдар ырзығыңды жаудырды,
Басыңды азат, деніңді де сау қылды.
Жалғандыққа аштың неге әуліңді?
Ақиқатқа кім осынша жау қылды?
Нақыш-софы, неге сонша сорладың? –
Софы болдың, еш мұсылман болмадың.
Заманақыр софылары жайған зәр,
Шариғаттан іс алмайды, ойдан – нәр.
Күнің нешік? –
Ғарасаттай майдан бар –
Құдай безер, безер және пайғамбар!
Нақыш-софы, неге сонша сорладың? –
Софы болдың, еш мұсылман болмадың.


-------------------
Сәуе
*
– ой, сана.





Пікір жазу