meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.04.2023
  259


Автор: Сүлеймен Бақырғани

ШАЙХЫМ АХМЕТ ЯСАУИ

Сұбхан Ием өсірді,
Айтты Расул кесімді,
Арсылан Баба жетірді
Шайхым Ахмет Ясауи.
Хақ
-Мұстафа
арманын,
Білдік

құрма алғанын,
Құрды алқасын Қағбаның
Шайхым Ахмет Ясауи.
Басса таулар шегінген,
Бақса Қағба көрінген,
«Хәл» ілімі берілген
Шайхым Ахмет Ясауи.
Асыл еді нәсілі,
Білмес пенде пасығы.
Хақтың ғана ғашығы
Шайхым Ахмет Ясауи.
Ысқақ Баба ұрығы,
Шайх Ыбырайым құлыны,
Машайықтар ұлығы
Шайхым Ахмет Ясауи.
Ясы суы арасы

Жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы
Шайхым Ахмет Ясауи.
Қаршығаны баптаған,
Лашын, сұңқар ұстаған,
Сансыз мүрит бастаған
Шайхым Ахмет Ясауи.
Шариғатта сыны жоқ,
Тарихатта түбі жоқ,
Ақиқатта міні жоқ
Шайхым Ахмет Ясауи.
Шариғатты жұқтырған,
Тарихатты жұп қылған,
Ақиқатты ұқтырған
 Шайхым Ахмет Ясауи.
Батыс, шығыс жақтарда
Одан мәшһүр ат бар ма?!
Құлдық қылған Саттарға*
Шайхым Ахмет Ясауи.
Он сегіз мың ғаламда,
Аты мәлім кәләмда,
Орыны – Дарис-сәламда*
Шайхым Ахмет Ясауи.
Бабтың бабы – Хорасан,
Сансыз түмен – Үндістан,
Бабалар басы – Арсылан,
Шайхым Ахмет Ясауи.
Астында Хақ пырағы,
Жұпар борап тұрады.
Екі дүние шырағы
Шайхым Ахмет Ясауи.
Қызырменен сырласқан,
Ілияспен сыйласқан,
Хақ қасында Нұрды ашқан
Шайхым Ахмет Ясауи.
Түркістанға баралық,
Қызыметінде болалық.
Үлес берсе алалық
Шайхым Ахмет Ясауи.
Баба Машын* сүлейден
Бастап бәрі бір оймен,
Келді Хакім Сүлеймен –
Шайхым Ахмет Ясауи.





Пікір жазу