15.04.2023
  167


Автор: Сүлеймен Бақырғани

КЕЛ, ДОСТАР, ЖАЛЫНАЙЫҚ ЖАН -АЛЛАҒА

Достарым, заманақыр жуық келді,
Тарса, жөйт, дінсіз кәпір буып толды.

Өзіміз ойлағаннан суыт болды,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Ұзақ түн ұйқыдан без, аспанды түр,
Беріп қал малдан зекет, бастан пітір.
Сен болма қиямет күн асқан күпір,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Баратыр қыздар тозып, ұлдар да азып,
Жүрекке қақсын ұстаз Нұрдан қазық.
Алда тұр Сират көпір қылдан нәзік,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Кәр етсе төріңді Алла қашық қылар,
Тауларды мақтадай ғып шашып тынар.
Сол шақта жомартқа жол ашық тұрар,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Жомарт жан, сағадатқа кенелесің,
Құлшылық қылғандарға теңелесің.
Көрмейсің жаһаннамның сен елесін,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Сүр үрсе Исрафил
– көгің ойнап,
Шөкелер пайғамбарлар соры қайнап.
Төнер
-ді
Әзірейіл шегіп айбат,

Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Жалғаншы өз жолынан көрмес тайқып,
Қайтеміз Құдай қолға берместі айтып?!
Өлгендер енді айналып келмес қайтып,
Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға.
Жасадың, Құл Сүлеймен, қандай күнә?

Ата
-анаң, бауырың хабар алмайды да.
Өзіңді құтқар енді!
Жан
– қайғыда!

Кел, достар, жалынайық Жан
-Аллаға!





Пікір жазу