СЕНЕН ӨЗГЕ КІМІМ БАР ?
Өзіңе аян, Хақ Тәңірім,
Сенен өзге кімім бар?
Бірсің, Барсың
– сақта құлың,
Сенен өзге кімім бар?
Сенсіз қайда кете алармын,
Кім тыңдайды мұңымды, ал?
Немен тірлік ете алармын,
Сенен өзге кімім бар?
Бір өзіңсің
– табынарым,
Мақсат
– осы, шыным
– дәл.
Нұр себелер жаныма кім,
Сенен өзге кімім бар?
Сенсің қуат тәнімдегі,
Сенде сырым, ділім бар.
Саған жалғар жаным мені,
Сенен өзге кімім бар?
Жерде барсың үңілсем мен,
Көктен құйдың нұрыңды, ал.
Алдымдасың
– жүгінсем мен,
Сенен өзге кімім бар?
Қай кезде де көзімдесің,
«Сен!»
– дегенде тілім бал.
Сөзімдесің
– өзімдесің,
Сенен өзге кімім бар?
Пайғамбарға дұға қылсаң,
Шапағатын ұғыңдар.
«Қабыл ет!»
– деп жыладым сан,
Сенен өзге кімім бар?
Жан
-дұғамды қабыл қылғын,
Санамдағы жүгімді ал.
Көз жасыма шомылдырдың,
Сенен өзге кімім бар?
Мен нәпсімді өлік қылдым,
Тілім – шырын, үнім – нәр.
Дәргейіңе келіп тұрмын,
Сенен өзге кімім бар?