15.04.2023
435
![](/uploads/shorttexts/author_image/yassayi.jpg)
АШ, ЕЙ, МОМЫН, КӨЗІҢДІ
Аш, ей, момын, көзіңді
Сахар мезгіл болғанда,
Құтқар оттан өзіңді
Сахар мезгіл болғанда.
Сахарларда барша гүл
мадақтайды Құдайды,
Айтып бұлбұл аңсарын,
махаббаттан жылайды.
Зікір қылсаң еңісте,
сахар мезгіл болғанда,
Түсер көктен періште –
сахар мезгіл болғанда.
Жазықта нұр аққасын
сахар мезгіл болғанда,
Ашар жәннат қақпасын –
сахар мезгіл болғанда.
Ояу құлдар кек қыспай,
сахар мезгіл болғанда,
Өлетінін еске ұстай,
сахар мезгіл болғанда;
Сахар сырын жалғанда ғашық құлдар ұғады,
Қорқыныштан көкке ұшқай –
сахар мезгіл болғанда.
Көрер олар Құданы сахар мезгіл болғанда,
Кеудеңе нұр толғанда –
жүрегіңді қолға ал да, –
Сахар мезгіл – хош сағат,
болар рахат һәм жәннат,
Тәңірге қыл ғибадат –
сахар мезгіл болғанда.