meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.04.2023
  413


Автор: Қожа Ахмет Яссауи

«ҺУ» АЛҚАСЫ

«Һу» алқасы* құрылды,
Ей, дәруіштер, келіңдер,
Хақ сыпырасы* жайылды,
Одан үлес теріңдер.
«Қал»* ғылымын оқыңдар,
«Хәл»* ғылымға бекіңдер.
Жоқтыққа шым батыңдар,
Барлыққа шын жетіңдер.
Жырт пердесін түнектің,
Тілеп Хақтың дидарын.
Ашып көзін жүректің,
Көзбен көріп иланың.
Һу арасын алыңдар,
Нәпсі басына салыңдар.
Күні, түні еңіреп,
Хаққа құрбан болыңдар.
Алқа ішінде һу деңдер,
Ғашық-отқа жаныңдар.
Тәкпір айтып бір деммен,
Кәусарына қаныңдар.
«Һу, һу» деп, зар еңіре,
«Һу» демекте мағына бар.
Жетіп Хақтың кеніне,
Ақ жолыңды таңдап ал.
Құл Қожа Ахмет құл болған,
Жол үстінде күл болған.
Одан ғибрат алғанның
Жүрегінде Нұр жанған.
-----------------
«Һу» алқасы* – ҺУ – АЛЛА-ТАҒАЛАНЫҢ ОЛ (БІР) деген сипаты. «Һу» алқасы – алқа
зікір, яки жамағатпен жария салатын зікір.
Сыпыра* – дастархан.
Қал* – ұстаз беретін, яки адам үйрете алатын ғылым.
Хәл* – Құдайдың ұстаздығымен келетін ілім, яки жүрек ілімі.





Пікір жазу