ЖАРАТУШЫ ЖАН -АЛЛА
Жаратушы
– Жан
-АЛЛА,
Жарылқаушым ғаламда.
Мейіріңнен дәметем
Кірпігімді жабарда.
Әзірейіл төнгенде,
Қарқараға келгенде
Не қылармын, Құдай
-ай!?
Жан тапсыру уайымын,
Әзәзілдің ойынын
–
Сенен жәрдем болмаса
,
Не қылармын, Құдай
-ай!?
Оңайлықпен жанды ал да
,
Сапарымды оңда, АЛЛА!
Жан кеудеден самғарда,
Тәнім жерде қалғанда,
Табытқа әкеп салғанда
Не қылармын, Құдай
-ай!?
Түстім талай аранға,
Баттым талай харамға,
Бола ала алам ба панаңда,
Жаратушы
– Жан
-АЛЛА,
Жарылқаушым, ғаламда?
Кеудеге тас басылып,
Жерге мәңгі жасырып,
Жиылған жұрт асығып
Жеті қадам ұзарда,
Мүңкір
-Нәңкір сұрарда
Не қылармын, Құдай
-ай!?
Рухты Тән қарсылап,
Қылған күнәм жаншылап;
«Раббың кім?»
– деп періште,
Қысқан кезде сан сұрақ
–
Не қылармын, Құдай
-
ай!?
Құл Қожа Ахмет, мақтанба
Нәпсі-кірге батқанға! –
Мақшар Таңы атқанда
Не қылармын, Құдай-ай.