14.04.2023
  232


Автор: 365 күн

31 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілді.

Репрессия жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтар, зиялы қауым өкілдері атылды. Тәуелсіз Қазақстанда 1993 жылғы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды.

1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 мамырды Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күні деп жариялады. Осы уақыттан бері бұл дата жыл сайын аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты – адамдарды темекіден бас тартуға шақыру, осылайша шылым шегетіндер санын азайту. 1988 жылы әлемдік қоғамдастықтың алдына XXI ғасырда темекі тарту проблемасын жоюға қол жеткізу міндеті қойылды. Десе де, бұл проблема әлі де шешімін таппай келеді.

Бүгін Ресей азаматтары Адвокатура күнін мерекелейді. 2002 жылы 31 мамырда Ресей президенті В.Путин жаңа "Ресей Федерациясындағы адвокат қызметі және адвокатура туралы" федералды заңына қол қойды. Осы сәттен бастап жыл сайын Ресейде адвокатура қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтеді. Десе де, бұл дата ресми мереке ретінде саналмайды.





Пікір жазу