30 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1900 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде дат инженері Вальдемар Поульсен өзінің жаңа туындысы – телеграфонды таныстырды. Бұл дыбыс жазуға арналған магниттік лента болатын;
1917 жылы АҚШ-тың қарулы теңіз күштері В-1 дирижаблін алғаш рет сынақтан сәтті өткізді;
1971 жылы бірінші жасанды "Маринер-9" америкалық спутнигі Марсқа ұшты;
1992 жылы Киев қаласында музыкалық "Грин Грей" тобы құрылды.
30 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1595 жылы Тәуекел хан Мәскеуден келген орыс елшісі Вельямин Степановты қабылдады;
1953 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында "Дудар-ай" операсы алғаш рет қойылды;
1997 жылы Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды;
2007 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы тәуелсіздік саябағында сталиндік зобалаңнан зардап шеккен және құрбан болған адамдарға арналған ескерткіш тақта ашылды;
2009 жылы "Қазақстандық қамту" ақпараттық интернет-порталы іске қосылды;
2009 жылы Алматыдағы республика алаңында қымыздың 6000 жылдық тарихына арналған "Қымызмұрындық" фестивалі ұйымдастырылды;
2011 жылы "Қазақстан" концерт залында Қазақстанның танымал режиссері Сламбек Тәукелдің "Жерұйық" атты көркем фильмінің премьерасы өтті;
2013 жылы белгілі ақын және қолөнер шебері Дәмелі Құсайынқызының есімі халықаралық "Белгілі адамдар" энциклопедиясына енді;
2014 жылы Бейжіңде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің ІІІ құрылтайы өтті;
2014 жылы Қарағанды қаласында ҚарЛАГ-тың тарихына арналған "Қара орамал" ("Черный платок") поэмасының тұсаукесері өтті.