14.04.2023
  67


Автор: 365 күн

30 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – феминизм күні. XVIII ғасырдан бастап әйелдер өз құқығы үшін күресе бастады. Ал өткен ғасырдың 60 жылдары олар әртүрлі салада тең құқыққа ие болды.

30 мамыр – Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні.

Сондай-ақ, бүгін – Дүниежүзілік бытыраңқы склерозға қарсы күрес күні. Ол жыл сайын мамырдың соңғы сәрсенбісінде аталып өтеді. Алғаш рет бұл күн 2009 жылы мерекеленді. Ол халықаралық бытыраңқы склероз федерациясының бастамасымен бекітілді.

Сонымен қатар, 30 мамырда Перу халқы картоп күнін атап өтеді. Картопты олар "барлық көкөністің әкесі" деп сүйсіне жейді.

Бүгін – әулие Жанна д'Арк күні. Жанна д'Арк – Францияның ұлттық батыры. Ол жүзжылдық соғыстағы француз әскерінің бас қолбасшыларының бірі болған. Жанна тұтқынға түсіп, ағылшындардың қолынан қаза тапты. Бірақ уақыт өте оның аты аңызға айнылып, Жанна д'Арктың ерлігі ел арасында таралды. 1920 жылы Рим папасы XV Бенедикт бұйрығымен Жанна д'Арктың есімі әулиелер қатарына енді.





Пікір жазу