14.04.2023
  68


Автор: 365 күн

29 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1953 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, кинорежиссер Александр Абдулов дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1986). РКФСР халық әртісі (1991). ("Убить дракона", "Чародеи", "Самая обаятельная и привлекательная" фильмдері);

1953 жылы америкалық композитор Дэниел Эльфман дүниеге келді. "Симпсоны", "Труп невесты" мультфильмдері мен "Эдвард Руки-ножницы", "Чарли и шоколадная фабрика" және тағы басқа фильмдердің музыкасын жазған;

1975 жылы ағылшын әншісі, Spice Girls тобының бұрынғы солисі Мелани Браун дүниеге келді;

1981 жылы ресейлік футболшы, Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Аршавин дүниеге келді.

29 мамырда Қазақстанда кім туды

1939 жылы Қазақстанның Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Гарри Штойк дүниеге келді;

1940 жылы альпинист, география ғылымдарының кандидаты, спорт шебері, КСРО Қарулы күштері мен Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы Виктор Попов дүниеге келді;

1961 жылы Қазақстанның Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, физика және математика ғылымдарының докторы Ерғазы Кенжин дүниеге келді.





Пікір жазу