14.04.2023
  105


Автор: 365 күн

22 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1900 жылы Нью-Йоркте "Associated Press" ақпараттық агенттігі құрылды;

1960 жылы Оңтүстік Америкада ең үлкен Чили жер сілкінісі болды;

1977 жылы әлемге әйгілі "Шығыс экспресі" соңғы рейске шықты. Бұл экспресс 1883 жылдан бері  Париж – Стамбул бағытымен саяхатшыларды тасымалдады;

1990 жылы  Microsoft компаниясының Windows 3.0 бағдарламасы таныстырылды;

2007 жылы Түркияның Анкара қаласында террористік акт болды. Жарылыстың садарынан бірнеше адам қайтыс болды; 

22 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ның құрамына енді;

1999 жылы Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы Атансор көлінің маңынан жаңа темір кені ашылды;

2007 жылы Бөкей хандығының тарихына арналған "Нарын" атты кітап жарыққа шықты. Кітаптың авторы - Қожантай Қасенов;

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдарға арналған әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады; 





Пікір жазу