14.04.2023
  108


Автор: 365 күн

21 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1894 жылы Кеңес одағының композиторы Арсений Гладковский дүниеге келді. Ол алғаш рет "Қызыл Петроград үшін немесе 1919" кеңестік операсын жазды әрі "Том Сойер" балетін сахналады;

1949 жылы ресейлік әртіс Любовь Полищук дүниеге келді. Ол "12 стульев", "Интердевочка", "Ширли-мырли" фильмдері арқылы көпшілікке танылды;

1968 жылы мәнерлеп сырғанаудан 5 дүркін КСРО чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елена Водорезова дүниеге келді;

1955 жылы Ресей Федерациясының қорғаныс министрі, мемлекет және әскери қайраткері Сергей Шойгу дүниеге келді;

1987 жылы ресейлік "ВИА Гра" тобының бұрынғы мүшесі, Queens тобының солисі Санта Димопулос дүниеге келді.

21 мамырда Қазақстанда кім туды

1918 жылы композитор, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ұйғыр кәсіби музыкасының негізін қалаушы Құддыс Қожамияров дүниеге келді;

1946 жылы жазушы, драматург, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеге келді;

1958 жылы Қазақстанның Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Волков дүниеге келді;

1967 жылы Қазақстан президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Абай Бисембаев дүниеге келді;

1970 жылы Қазақстанның ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев дүниеге келді.





Пікір жазу