14.04.2023
  104


Автор: 365 күн

21 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. 2011 жылы ЮНЕСКО мәдени әралуандылық жөніндегі баршаға ортақ декларация қабылдады. Ал 2012 жылы БҰҰ бас ассамблеясы дүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күнін жариялады. Бұл мерекенің басты мақсаты – адамдарға өз елінің ғана емес, өзге де халықтың ұлттық мәдениеті әр алуан екенін түсінуге мүмкіндік беру.

21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, бастапқыда қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланып жүрді. Алайда 2013 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бұл мереке 21 мамырға ауыстырылды.

Бүгін – халықаралық ғарыш күні. Бұл мерекені 1998 жылы 21 мамырда АҚШ ғарышкері Эндрю Томас ғарыштағы "Мир" станциясында атап өтуді ұсынды.





Пікір жазу