19 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Түркияда бүгін Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi. 1919 жылдың 19 мамырында тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық қозғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялады. Бұл күн Түркияның азаттығы үшін соғыстың ресми басталған күні болып саналады. Сол кезде Түркия мен Грекия соғысып жатқан болатын.
Алғаш рет мейрам 1935 жылы 24 мамырда "Ататүрік" күні ретінде аталып өтіп, мейрамның құрметіне Стамбұлда спорт күні ұйымдастырылды. Ал бірнеше айдан кейін өткен спорт конгресінде "Ататүрік күнін" Жастар және спорт мейрамы деп атау шешімі шығарылып, заңды түрде бекітілген мереке 19 мамырда жыл сайын тойланып келді. 1980 жылдың 12 қыркүйегіндегі мемлекеттік төңкерістен кейін мерекеге "Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi" деген жаңа ресми атау беріледі.
Сондай-ақ бүгін - пионер ұйымының туған күні. 1922 жылы 19 мамырда комсомолдардың бүкiлресейлiк конференциясы жаппай пионерлер отрядтарын құру туралы шешiм қабылдап, сол күнi бүкiлодақтық пионерлер ұйымы құрылған едi. Екi жылдан кейiн оған күн көсемнiң аты берiлiп, пионерлер Лениннiң бейнесi салынған төсбелгi мен қызыл галстуктi тағынатын болды. Бұл күні жер-жерлерде пионерлер слеттерi өткiзiлiп, алаулар жағылып, алау айнала ән салынатын.