14.04.2023
  90


Автор: 365 күн

18 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1131 жылы парсы ойшылы, математик, астроном және ақын Омар Хайям дүниеге келді;

1914 жылы румын, кеңес және ресейлік әнші, композитор, Ресейдің Халық әртісі Алла Баянова дүниеге келді;

1962 жылы неміс поп-әншісі Сандра дүниеге келді. Ол 1979-1984 жылдары "Arabesque" тобының жетекші әншісі болды, кейін жеке әнші ретінде өнер көрсете бастаған Сандра 80-90 жылдары еуропа эстрадасындағы ең танымал әртістердің біріне айналды.

18 мамырда Қазақстанда кім туды

1936 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, ядролық сынаққа қарсы "Семей-Невада" қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов дүниеге келді;

1940 жылы әділет генерал-майоры, "Парасат" орденінің иегері, "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі Рүстем Қайдаров дүниеге келді;

1957 жылы полиция генерал-полковнигі, бұрынғы ішкі істер министрі, Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов дүниеге келді;

1962 жылы қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, композитор, музыкант, "А’Студио" тобының негізін қалаушылардың бірі және әншісі Батырхан Шүкенов дүниеге келді.





Пікір жазу