14.04.2023
  110


Автор: 365 күн

18 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Халықаралық музей күні. Алғаш рет бұл мейрам халықаралық музей кеңесінің шешімімен 1977 жылдың 18 мамырында аталып өтті. Музей күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеті мереке ретінде бекіткен. Бұл күні барлық музейде "Музейдегі түн" шарасы ұйымдастырылады. Қазақстанда алғашқы "Музейдегі түн" 2006 жылы Алматы қаласындағы орталық музейде өтті. 
Сонымен қатар бүгін Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы вакцина күні аталып өтеді. Бұл күні әртүрлі ұйымдар мен белсенділер қоғам назарын ВИЧ/СПИД-ке қарсы вакцина әзірлеу мәселесінің маңыздылығына аударуға тырысады.

1997 жылы 18 мамырда АҚШ президенті Билл Клинтон Балтиморда мемлекеттік университет түлектерінің алдында сөз сөйлеп, ғылым мен техника дәуірінде жаңа мақсаттар қоюға үндеді. Оның қатарында СПИД-ке қарсы вакцина әзірлеуді ерекше атап өтті.





Пікір жазу