17 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін барша адамзат Интернеттің туған күнін тойлап жатыр. Бұған дейін Бүкіләлемдік интернет күні 4 сәуірде аталып өткеніне қарамастан, интернеттің ғұмыры WWW стандарты бекітілгеннен кейін, яғни 1991 жылдың 17 мамырынан басталады. Қазір адамдар ғаламтордың пайдасы мен зиянын қатар көріп жатыр.
Сондай-ақ, бүгін Гомофобияға қарсы күрес күні. Гомофобия гректің homоs – бірдей және phоbos – қорқыныш деген сөздерінен құралған. "Үрей" дегенді білдіретін бұл терминнің пайда болғанына тым көп бола қойған жоқ. 1972 жылы гомосексуалистер алдындағы қорқынышты, сексуалдық азшылық қауымды қабылдамаушылық пен жақтырмаушылықты белгілеу үшін "гомофобия" терминін алғаш рет психиатр Джордж Вайнберг қолданған еді. 20 ғасыр тарихта ең "гомофобты" кезең саналады, бұған дейін ол қоғамдық норма болатын.
Бұған қоса, бүгін Бүкіләлемдік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні аталып өтеді. 2006 жылы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, 17 мамырды Бүкіәлемдік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні етіп жариялады. Бұл күн – барлық программистің, жүйелік әкімшілердің, интернет-провайдерлердің, веб-дизайнерлердің, интернет-басылым редакторлары мен басқа да ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін адамдардың кәсіби мейрамы.