16 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін халықаралық кәсіби мереке – Биографтар күні аталып өтеді. 1763 жылы Сэмюэл Джонсон мен оның болашақ биографы Джеймс Босуэлл алғаш рет кездескен еді. 1763 жылы 16 мамырда Босуэлл Джонсонмен танысты. Олар бірден тіл табысып, дос болып кетті (Джонсон тіпті Босуэллді "Боззи" деп атайтын). Ұзақ жылдар бойы Босуэлл Джонсонның Әдебиет клубы мен жеке кездесулерде айтқан әңгімелерін жинақтап, екеуінің Гебрид аралдарына жасаған саяхатын суреттеп жазды. Биографтардың арқасында қазір біз әйгілі адамдар жайлы құнды әрі мол мағлұмат алып жүрміз. Сондықтан бұл мейрам – еңбегі елене бермейтін жандарға құрмет көрсететін күн.
Сондай-ақ, бүгін Халықаралық жарық күні. Бұл мейрам жарықтың рөлін, ғылым мен білімге, өнерге мен мәдениетке, медицина, коммуникация, энергетика салаларына қосқан үлесін атап өтетін жаһандық бастама. Мереке жарық пен жарық технологияларының қазіргі заманғы ғылымдағы рөлін насихаттауға, жарық технологияларына негізделген білім мен ғылымның дамуын ынталандыруға үндейді.
Бүгін, сонымен қатар, Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні аталып өтеді. Бейбіт қатар өмір сүру принципі мемлекетаралық соғыстан бас тартуды, даулы мәселелерді келіссөз арқылы шешуді, бір-бірінің мүдделерін ескеруді, ішкі істерге араласпауды, өз елінің барлық мәселесін дербес шешуге әрбір халықтың құқығы бар деп тануды, барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын барынша құрметтеуді, толық теңдік пен өзара тиімділік негізінде экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды көздейді.