13.04.2023
  130


Автор: 365 күн

12 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1907 жылы америкалық театр және кино актриса Кэтрин Хепберн дүниеге келді ("Долгий день уходит в ночь", "Угадай, кто придет к обеду?", "Лев зимой" фильмдері). Төрт "Оскар" алды.  

1933 жылы кеңес және грузин актері Гиви Берикашвили дүниеге келді. Грузин КСР халық әртісі (1979).  

1937 жылы стэнд-ап камеди жанрындағы америкалық комик, актер, жазушы, сценарийші, продюсер Джордж Карлин Джордж дүниеге келді. Төрт "Грэмми" жүлдесінің және Марк Твен сыйлығының иегері. 5 кітаптың және 20-дан астам музыкалық альбомның авторы, 16 фильмге түсті;

1983 жылы ресейлік спортшы (көркем гимнастика), қоғам және саяси қайраткер Алина Кабаева дүниеге келді. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап – "Национальная Медиа Группа" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы.

12 мамырда Қазақстанда кім дүниеге келді:   

1879 жылы қоғам және саяси қайраткер, "Алаш" қозғалысының қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев дүниеге келді;

1906 жылы драматург, киносценарийші Шахмет Құсайынов дүниеге келді;

1924 жылы Қазақстанның халық ақыны, айыскер, Қазақстанның ақындар мен дастаншылар одағының алғашқы президенті Көкен Шәкеев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан;

1930 жылы жазушы, журналист Әнуар Әлімжанов дүниеге келді;

945 жылы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов дүниеге келді;   

1948 жылы Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел елші, Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова дүниеге келді;

1949 жылы әнші, "Гүлдер" республикалық эстрадалық ансамблінде қазақ халық әндерін орындаушы  Қапаш Құлыш  дүниеге келді;

1954 жылы  ақын, жазушы  Ербол Шаймерден дүниеге келді.





Пікір жазу