13.04.2023
  100


Автор: 365 күн

12 мамырда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін әлемде Медбике күні аталып өтеді. Медбике қызметі 12 мамырда Қырым соғысы тұсындағы (1853-1856) атақты ағылшын әйелдерінің бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде құрылды. Сол уақыттан бері жыл сайын 12 мамыр күні әлемде Халықаралық медбике күні аталып өтеді. Бүгінгі мейрамды пайдалана отырып, біз ең ізгі мамандық өкілдері – медбикелерге алғыс айтып, мерекемен құттықтаймыз. Алғашқы медициналық білім алған адамдар ғана медбике бола алады, олар науқастарға күтім жасау үшін дәрігердің нұсқауларын орындайды. Бұл дегеніңіз, бүкіл емделу кезеңінде науқаспен жұмыс істейтін дәрігерлердің көмекшілері деген сөз.

Жыл сайын 12 мамырда Ресейде және ТМД-ның басқа елдерінде экологиялық білім беру күні аталып өтеді. Бұл мереке 1991 жылы құрылды, оның мақсаты – барлық ғылымда және адам қызметі салаларында экологиялық білімді өзектендіру. Бұл күні әртүрлі экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу әдетке айналған. Табиғатты қорғау тақырыбына арналған балалар шығармашылығының көрмелері, конференциялар мен конкурстар экологиялық білім беру күніне орайластырылады. Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары да өткізіледі –  саябақтар, өзен-көлдердің жағалауы тазартылып, көгалдандырылады.

Бүгін сондай-ақ Чебурашканың туған күні. Чебурашка – 1966 жылы жазушы Эдуард Успенский ойлап тапқан кейіпкер. Ол артқы табандарымен жүретін, салпаңқұлақ, көздері үлкен және шашы қоңыр тіршілік иесі.

1969 жылы экранға "Крокодил Гена" мультфильмі шыққаннан кейін кеңінен танымал болды.





Пікір жазу