11 мамырда қандай қызықты оқиға болды
11 мамырда Астрономия күні аталып өтеді. Бұл мейрам жылына екі рет – көктемде және күзде тойланады. Көктемгі астрономия күні әдетте сәуірдің ортасынан бастап мамырдың орта кезіне дейінгі сенбіде тойланады. Астрономия күні 1973 жылы Калифорнияда аталып өте бастады. Солтүстік Калифорния астрономиялық қауымдастығының президенті Д.Бергер (Doug Berger) көшелер, сауда орталықтары мен саябақтарда телескоптар орнату керектігін айтты.
Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік көшпелі құстар күні. Бұл жаһандық экологиялық акцияның мақсаты – адамдардың көшпелі құстар туралы мейлінше көп мағлұмат алуына жол ашу. Бастапқыда бұл мереке тек мамырда аталып өтетін. 2018 жылдан бері мамыр айының екінші сенбісі мен қазан айында тойланатын болды. Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға 1906 жылы қол қойылған болатын .
11 мамырда Мэри Поппинсті күту күні де аталып өтеді. Бұл күні суық жел самал желге ауысса, Мэри Поппинс келеді деген пікір қалыптасқан.
Сондай-ақ, бүгін Нидерланд елінде велосипедші күні аталып өтеді. Бұл елдің тұрғындары жаппай велосипедке көшіп жатыр. Мереке жыл сайын мамыр айының екінші сенбісінде тойланады. Ресми мәртебесі болмағанымен, кең ауқымда аталып өтеді. Нидерланд елінде велосипедті жиі ұрлайтынын да атап өту керек. Бұл, тіпті ұлттық спорт түріне айналған.