12.04.2023
  133


Автор: Ғашықтар күні

Бақытты бол, ғашықтар

Қозы менен Баяндай,
Бір-біріңді аялай.
Бақытты бол ғашықтар,
Әр сәтіңді бағалай.

Еңлік пенен Кебектей,
Бір-біріңді өбектей.
Бақытты бол ғашықтар,
Бойды тіктеп теректей.

Төлеген мен Жібектей,
Қосылған қос жүректей.
Бақытты бол ғашықтар,
Пәк сезімді кірлетпей.
Жібек Искакова





Пікір жазу