12.04.2023
  246


Автор: Ғашықтар күні

Мейрамың құтты болсын отағасы

Ғашықтардың күні бұл келіп жеткен,
Отағасы мейрамың құтты болсын!
Ұл-қызымның әкесі Асқар таудай,
Көңіл-күйің жан-жарым күшті болсын!

Ғашықтардың күнінде жанданайық,
Жүрегіміз бір соғып лүпіл қағып.
Бақыт,  шаттық сыйлайық қос жүрекке,
Махаббаттың еліне бірге барып.

Сөнбесінші,  жарқырап жұлдызымыз,
Арайлы таң шуағын сыйлап бізге.
Ғашықтарша ән салып әуелете,
Көтерейік көңілді күнде біз де. 





Пікір жазу