12.04.2023
371
Мерекеңмен жан-жарым (әйеліме)
Ұл-қызымның анасы еркелеткен,
Мерекеңмен жан-жарым келіп жеткен.
Құтты болсын Ғашықтар күні осы,
Ғашықтардың жүрегін дүбірлі еткен.
Отанасы өзіңсің отбасымның,
Мейіріммен қарайтын жан-жағына.
Аман жүрші ғашығым, асыл жарым,
Қадам басқан менімен арманыма.
Кетпесінші жан-жарым жүзіңнен нұр,
Қол ұстасып жүрейін өзіңмен бір.
Жаратқаным жар болып біздерге әркез,
Жолдай берсін таусылмас ән менен жыр.
қозы көрпеш баян сұлу ғашықтар күні ғашықтар күні құтты болсын ғашықтар күні Әйеліме тілек махаббат күні ғашықтар күніне тілек