12.04.2023
  296


Автор: Ғашықтар күні

Ғашықтар күнімен ғашығым (қызыма) 

Қызым менің асылым,
Жаулап алған жүректі.
Сүйіктім-ау, ғашығым,
Сен деп жүрек дір етті.

Құтты болсын ғашығым,
Ғашықтардың күнімен.
Құттықтайды сүйіктің,
Жүректегі жырымен.

Баянымсың сен менің,
Бұл жанымды баураған.
Қозың болам мен сенің,
Жүректе жыр арнаған.

Бір болайық сүйіктім,
Жаратқаным жар болып.
Келер ғашық күнінде,
Бірге атар таң болып.





Пікір жазу