12.04.2023
  214


Автор: Ғашықтар күні

Келші жаным қасыма

Келші жаным қасыма,
Сенсің менің жүрегім.
Бір өзіңсің асылым,
Бәрі осы білерім.

Сен бар жерде қуанам,
Ет жүрегім елжіреп.
Сен болмасаң күйім жоқ,
Қалам іштей еңіреп.

Тамыр жайып дем берер,
Сенсің менің гүл бағым.
Таусылмайды ғашығым,
Саған деген жырларым.





Пікір жазу