meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.04.2023
  265


Автор: Ғашықтар күні

Сенсің менің барым да

Сенсің менің барым да,
Арайлы атар таңым да.
Жүректегі ғашығым,
Болшы менің жанымда.

Сені ойлап жүремін,
Сен бар болсаң күлемін.
Кетсең алыс жырақтап,
Сағынамын білемін.

Сағындырма ғашығым,
Бір өзіңсің асылым.
Жүрегімсің дем берер,
Қуат берер жасырын.





Пікір жазу