12.04.2023
  324


Автор: Ғашықтар күні

Қозы Көрпеш Баян сұлу күні бұл

Он бесінші сәуір  күні тойланар,
Қозы Көрпеш Баян сұлу күні бұл.
Ғашықтардың мерекесі осы күн,
Айтылатын жүректе ән,  жыры бұл.

Ғашықтар бар жүректері бір соғар,
Ғашық жандар Төлеген Қыз Жібектей.
Шын ғашықтар қос аққудай бір болсын,
Қол ұстасқан Еңлік пенен Кебектей.

Жүректері әрқашанда бір соққан,
Ғашықтардың жүрегі бір,  жаны бір.
Жаңа өмірге бірге қадам басқанда,
Болар мәңгі шырқалатын әні бір.





Пікір жазу