12.04.2023
  430


Автор: Ғашықтар күні

Қозы Көрпеш Баян сұлу күні бұл

Ғашықтар көп бірін-бірі түсінер,
Жүректері бірге соғар әрдайым.
Он бесінші сәуір күні ғажайып,
Күнін сыйлар шуағы көп жаздайын.

Қозы Көрпеш Баян сұлу күні бұл,
Ғашықтарды сыйлы етер қуантып.
Құттықтаулар,  тосын сыйлар арнар күн,
Ғашық жандар бір-біріне үн қатып.

Құлпырады ғашықтардың күнінде,
Осы күні бар айнала жанданып.
Ғашық жандар жарқырайды сый жасап,
Бір-бірінің сыйлығына таңданып.





Пікір жазу