9 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1754 жылы АҚШ-тың мемлекет қайраткері, ғалым Бенджамин Франклин бірінші рет америкалық карикатураны жария етті;
1911 жылы орыс ғалымы Борис Розинг әлемде алғаш рет телевизиялық бағдарламаны жүргізді;
1936 жылы Италияның премьер-министрі, фашистік партияның негізін қалаушы Бенито Муссолини Эфиопияның Италияға қосылғанын жариялады;
1941 жылы Жапонияның ықпалымен "Виши режимі" бейбітшілік келісіміне қол қойылды. Оған сәйкес Таиландқа Лаос пен Камбоджаның бір бөлігі өтті;
1945 жылы КСРО Жоғарғы президиумының жарлығымен "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс" медалі тағайындалды. Бұл – Кеңес Одағында кең таралған медальдардың бірі. Соғыстан кейін бұл медальмен шамамен 13,5 миллион сарбаз бен офицер марапатталды;
1994 жылы Ресей президенті Борис Ельциннің жарлығымен маршал Георгий Жуковтың құрметіне Жуков ордені мен Жуков медалі тағайындалды. Жуков ордені жоғары награда болып саналады. Орден "Отан алдындағы ерен еңбегі" орденінен кейінгі екінші орында.
9 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1840 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы маңына метеорит құлады. Ол түскен жеріне байланысты "Қарақол" аталды. Алдымен метеориттің сынығы Семейге, кейін Ресейдің Петербор қаласына жеткізілді;
1992 жылы Петропавл қаласындағы Коммунистік көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді;
1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндістанның Unity international қорының "Халықаралық түсіністік үшін" марапаты табысталды;
1999 жылы Нұр-Сұлтанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің жаңа кешенін ашты;
2001 жылы Нұр-Сұлтанда "Отан ана" отан қорғаушылар монументі салтанатты түрде ашылды;
2008 жылы Петропавлдағы Дарынды балаларға арналған интернат-гимназияда Кеңес Одағының батыры Әбу Досмұхамбетовтың мүсінтасы салтанатты түрде ашылды;
2009 жылы Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды.