7 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1946 жылы Токиода "Токио цусин коге" компаниясының негізі қаланды, кейін ол SONY болып өзгертілді;
1956 жылы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі темекі шегуге қарсы күрес науқанын бастаудан бас тартты, ол шылымның зиянына көзінің жетпейтінін мәлімдеді;
1971 жылы Black Sabbath британиялық рок-группа "Paranoid" альбомы үшін "Алтын диск" алды;
1997 жылы Канн фестивалінде Люка Бессонның "Бесінші элемент" фильмінің тұсаукесері өтті.
7 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1975 жылы Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды;
1992 жылы президент жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылып, қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды;
1999 жылы президентінің жарлығымен Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағы берілді;
2000 жылы Нұр-Сұлтанда (Астанада) Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориал ашылды. Оның гранит плиткаларына 761 жауынгердің есімі қашалып жазылды;
2010 жылы Алматыда соғысқа қатысқан қазақтың алғашқы ұшқыш қызы, "Халық Қаһарманы" Хиуаз Доспанова өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйде мемориалды тақта ашылды. Сондай-ақ дәл осы күні Атырау қаласындағы саябақта Хиуаз Доспановаға арналған қола бюст ашылды;
2013 жылы Отан қорғаушы күні Қазақстанда мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет атап өтілді. "Отар" 40-ыншы әскери базасында ел президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтті;
2014 жылы Өскемен қаласына кіреберісте қазақтың атақты қолбасшысы Қабанбай батырға арналған қола ескерткіш орнатылды;
2015 жылы ел астанасындағы "Жерұйық" саябағында генерал Иван Панфиловқа ескерткіш орнатылды.