11.04.2023
  86


Автор: 365 күн

4 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1807 жылы Франция мен Парсы елі арасында Ресей мен Британия империясына қарсы бағытталған Финкенштейн келісімшарты бекітілді;

1896 жылы Лондонда Daily Mail газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты;

1927 жылы АҚШ-та Кино өнері академиясы құрылды, көп ұзамай ол "Оскар" жүлдесін бекітті;

1988 жылы PepsiCo компаниясы Орталық кеңес телевидениесінде жарнама уақытын сатып алған батыстың алғашқы фирмасы атанды.

         4 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1939 жылы жеті композитор – Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Василий Великанов, Латиф Хамиди, Борис Ерзакович, Сергей Шабельскийдің бастамасымен Қазақстан композиторларының одағы құрылды;

2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Төле биге ескерткіш орнатылды;

2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнының тарихы туралы жаңа мұражай галереясының бірінші тасын және капсуласын қою рәсімі өтті;

2015 жылы Алматыда Рейхстаг ғимаратына Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.





Пікір жазу