11.04.2023
  69


Автор: 365 күн

1 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1707 жылы Шотландия Англиямен бірігіп, Ұлыбритания құрылды;

1840 жылы Англияда әлемдегі алғашқы почта маркалары сатылды;

1884 жылы Чикагода 10-қабатты тұрғын үй – алғашқы көк тіреген ғимараттың құрылысы басталды;

2004 жылы Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия және Эстония Еуропа Одағының құрамына кірді.  

1 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1891 жылы Ақтөбе елді мекеніне қала мәртебесі берілді;

1901 жылы Орал қаласының типографиясында өлкедегі алғашқы саяси ереуіл болды;

1923 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Музей экспонаттары өлкенің табиғатымен, тарихымен таныстырады;

1925 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында жарық көретін "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газетінің негізі қаланды.





Пікір жазу