09.04.2023
  333


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 3 бөлім

Анамды қанша дәрігерлер қарады. Алайда ешкім нақты шешімін айта алмады. Осы күнді сезгендей оларда бізге тіл қатпай, жасар амаламыз жоқ деп, қысқа қайырды.

Әжем бізге ашуланып жүрді, бірақ амал жоқ. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Бірақ ол кездері тым жаспын ғой. Қатты қиналдым. Небәрі 17 жасымда анамнан айырылдым. Ыстық алақанын әлі де аңсаймын. Анамды көмуге қабірге апара жатқанда артынан сүйретіліп ұстап, қолдарымды қолдарынан жібергісі келмей қанша жер артынан жүгіріп, құлағанша анамды аңсап жер сипап қалдым. Өз өзімді ұстай алмадым. Анамның жоқтығына көндіге алмай, ішім алай дүлей, аласапыранға айналып, жанымды қоярға жер таппай, анамды қара жерге тапсыруға батылым бармады. Бәрі жабылып, мені сабырға шақырып, үйге апарып тастады. Жынды адамдай жылауымды қоя алмадым. Бәріне әкемді кінәладым.

Әкемнің де, жанын қоярға жер таппай тұрғаны анық. Жерлеу ден келе сала, тағы да бір жаққа кетіп қалды. Оған қарауға да мұршам жоқ. Не істесе оны істесін. Әжем қайта қайта маған тамақ су әкеліп, сені жұбатып әлек. Байғұс әжем, өзінен бұрын қызы о дүниелік болды. Оған да ауыр тиді ау...

Анамның қырқын өткізіп, бір шама есімізді жиып алдық. Алайда анда санда отырып, көңілім түсіп жылап алам. Әрине ол дұрыс емес. Бірақ анамның енді өмірде жоқтығын ойласам жанымды қоярға жер таппаймын. Әжем үйде біздің жанымызда жүр. Бізді жалғыз қалдыруға қорқады. Себебі, әкем кез келген уақытта ішіп келуі мүмкін. Оған ешкім де жауап бере алмайды. Ішсе әкемнен бәрі алыс жүреді.





Пікір жазу