09.04.2023
  296


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 5 бөлім

Бар тірлікті жасап жүр ғой деп, стипендиямнан артылдырып, қысқа киетін қалыңдау халат алып бердім. Өте жайдары әрі ақылды әйел екеніне көзім жетті. Оған енді мейірлене сүйсіне қарап жүрдім. Содан апта сайын келе бермей, екі айда бір келіп жүрдім. Үйдегілер қиналып қалмасын деп, өзім қаладан жұмыс тауып, сабақ пен жұмысты бірге алып жүрдім. Екі айдай уақыт өткенде сабақтан екі аптаға демалыс алып, жұмысымнан да сұранып, үйге келдім. Бәрі мәз мейрам. Кешкі асқа манты жасадық. Ол кісіні жеңге деп атап кеттім. Себебі, ана деп атай алмадым.

Тамақтанып болған соң, дастарханды екеулеп жинастырып жаттық. Әкем үйде жоқ еді. Ішіп келіпті. Есіктен қисалаңдап кіріп, екі інімді құшақтап сүйіп, мені де құшақтап, "балапандарым менің, қошақандарым менің'' деп, ақырында жеңгем қарай үстел үстіндегі шәйнектің алып, лақтырып жіберді. Мен аң таңмын "әке не істеп жатырсыз?" деп, жеңгем қарай жүгірдім. Қайта ішіндегі ыстық шәй емес, демін алып, қалған. Иығына тиді. Иығын ашып жіберіп мұздай сүлгі тартайын деп едім, иығы қан талап кетіпті. Кәдімгідей таң қалдым. Жеңге не болған, дегендей бетіне қарадым. Ол болса бірден жылап жіберді.

Әкем болса "сұмпайы қатын менің бәйбішемнің орнын басамын деп ойлайсың ба? Балаларыма ана болып жарытпайсың. Көзіме көрінбей құры" деп, тағы да қолына түскен заттармен жеңгемді ұрғылап жатыр. Жеңгемнің болса жылаудан басқа амалы жоқ. Мен бұрынғыдай анам мен әкемнің ортасына түскендей әкем мен жеңгемнің ортасына түсіп, жанымды қоярға жер таппай әкеме қой қойлар тамағым жыртылғанша айқайладым. Екі інім екі жақтан аласұрып жылап жүр. Бұл түн біз үшін ауыр түн болды.





Пікір жазу