09.04.2023
  164


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 6 бөлім

Әкем үйден қайтадан шығып кетті. Жеңгемді келіп қайтадан ұрмаса екен деп, оның қасына екі інімді алып жаттым. Әкем сол күйі келмеді. Таңертең тұрдық. Бәріміздің көзіміз ісіп кеткен. Жеңгем таңғы ас даярлап жүр екен. Шәйімізды ішіп, үйлерді жинастырып шықтық. Әкемді күттім. Бірақ ол әлі де келмеді. Жеңгемнің қабағы солыңқы. Жанына барып, әңгімеге тарттым. Оның бірінші күйеуі қайда екенін сұрадым. Айтуы бойынша ауыр науқастанып қайтыс болыпты. (Онкологический). Машинаға краска жағатын жерде жұмыс жасапты. Соның кесірі деп отыр. Өйткені ауруы тікелей өкпесінен болған екен. Әңгімелесіп отырғанымызда әкем келді. Жеңгемнің орнынан атып тұрды. Түрі бозарып, екі көзі бадырайып кеткен. Әкемнен әбден қорқып қалған. Ортада менің жүрегім ауырып кетті. Әкем тіл қатпастан үйге кірді де жатып қалды.

Жеңгем артынан бармақшы еді, мен оны тоқтаттым. Бізге ойлану керек. Алдыға қарай дұрыс жоспар құру керек. Әкем әбден күйзеліске ұшыраған дедім. Ойда жоқта Жеңгем көзім қарауытып жатыр деп қолымнан ұстап қалды. Не болды дегеніме болмады мұрнынан, құлағынан қан аға бастады. Қорыққанымнан әкемді шақырдым. Әкем тез арада көлікті оталдырып, ауруханаға алып кетті. Бізге үйде отырыңдар деп кетті.

Біраз уақыт өтті. Әкеме хабарлассам тұтқаны көтермейді. Шамамен 4-5 сағат өткен соң әкем хабарласты. "Не болды? Аман ба өзі?" деп едім, екінші анаңнан да айрылып қалдық деген суыт хабар жүрегімді тоқтатардай болды. Көбісі бұл жағдайды естіп, "әкең әйелдердің ажалы" деп, жан жүрегімізден пышақ қадағандай айтып жүрді. Бірақ біз олай ойламадық. Мүмкін ажал шығар...деумен ақталып әлекпіз.





Пікір жазу