09.04.2023
  179


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 7 бөлім

Үйге біраз кісі келіп, жерлеу рәсіміне кірісіп те кеттік. Бұл кісіні де қара жерге тапсырдық. Бұдан соң әкемнің күйзелісі мүлдем күшейді. Жұрттың сөзі бар. Бірақ бұның барлығы арақтан деп ойлаймын. Арақты қойса мүмкін барлығы жақсы болар ма еді. Нағашы әжем де келіп, әкеме біраз ақылын айтып, бұл жүрісің дұрыс емес деп, ұрысып ұрысып кетті. Көз алдымда екі ана өмірлерін қиды. Менің де психологиям бұзылайын деген сияқты. Екі інімді ойлап, әкемді ойлап, менде шаршадым. Құдайдың берген сынағына төзе алар ма екенбіз деп, түндерде де ұйқыдан қалдым. Әжемдікіне барып анам туралы естеліктерді айтып, біраз шер тарқаттым. Көңілім аулансын деп, қойларды өріске жайып, інілерімнің сабағына қарап, олармен ойнап әр нәрсені бір жасадым. Бірақ болар емес.

Бұл жолы әжем "сен қашанғы жүресің, ертең күйеуге кетесің, әкеңнің жанына серік керек'' деді. Мен де оны ойлап жүрмін. Алайда қорқып жүрмін. Біртүрлі жаным дауаламай жүр. Сонда да көрейік дедім әжеме... Бұл туралы әкеме шет жағасын айттым. Әкем үндемеді. Өзің білесің, енді маған бәрібір деді. Мүмкін осы бәрібірлігін доғартып, жаңа қадамға бастыратын біреу табылар деген ниетпен әжемнің айтып жүрген қызына жолығуға бардық. Бірақ әкемді ерітпедім. Тек әжем екеуміз ғана бардық.

2 сағаттық алыс ауылда тұратын келіншек екен. Жүзі өте жайдары. Күліп сөйлеп қалған. Онысы маған ұнады. Өзі пысық келіншек. Алайда балалары жоқ. Түсік тастаған соң күйеуі мен ажырасып, сол күйі әлі тұрмыс құрмапты. Менің әпкем мен жасты адам. Әкемді айтып көрдік. Басында келіспеді. Бірақ әжем, балалардың жетімсіретпей, ана орнына ана болшы, тек тілегіміз сол деген соң, ойын өзгертті.Әттең-ай солбір ісіміз бекер болды-ау!





Пікір жазу