09.04.2023
  246


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 9 бөлім

Арада біраз уақыт өтті. 1 курсты бітірдім. Бітіре сала үйдегілерге сыйлық алып, үйге қарай жол тарттым. Асығып, жолда түскен уақытымда затымның бәрін шашып алдым. Көрген жұрт "Олжа келе жатыр, олжа" десті. Оған менде мәз болып үйге қарай келемін. Ауыл тым тырыс. Үйге қарай жақындасам үйде көліктер толып тұр. Адамдар жылап жатыр. Не болып қалды деп, жүрегім ұшып үйге жүгірдім. Жақындарым менімен көрісіп жатыр, мен болсам түкте білмеймін. Не болды, деп жан жанымдағылардан сұрап жатырмын. Бірден үйге кірдім. Әжем екі інімді құшақтап жылап отыр.

—Әже, не болды?
—Қызым сұрама, жап-жақсы болып жүрген отбасының шаңырағы шайқалды. Әкең ішіп келіп, үйге бір жас қызды алып келіпті. Әйгерім әкеңнен мән жайды сұраса, әкең сен де өліп қал, сосын мынаны аламын!- деп айтыпты. Оны әкең ұялмай қызармай бізге айтып берді. Есалаң осылай жасауға бола ма.... Ол сөзді естіген жанындағы қыз, Әйгерімді қолына ілінген пышақпен пышақтап тастап, қашып кетіпті. Әйгерімнің сау тамтығы жоқ. Жұрттың бәрі шошып қалған. Мына балаларда әбден шошып әлі де жылап жатыр. Әкең жоқ, бізге мән жайды айтты да, өздерің жерлей беріңдер деп" әлгі қыздың соңынан кетті.

Мен кәдімгідей таң қалып қалдым. Не болып кетті өзі? Қалай болғаны? Әкеме не болды? Жүрегімнің біртүрлі болғаны осы екен ғой. Неге бұлай болып жатыр деп, өзіме тоқтаусыз сұрақтар қоя бастадым. Бұл расында сәйкестік пе, ажал ма... Ойымды әжем бөліп:
— Менің ойымша, әкең әйел адамның ажалы'!- деп тағыда айтты.
Мен бұған таңырқай қарағаныммен қатты таң қалмадым. Себебі әжемнің бұлай айтатындайы бар. Үйге келген әйел адам қалай болсада, нендей жағдай болса да көз жұмып жатыр. Бұл жағдайға ешқандай түсінбедім. Дуа дегенді естігенмін. Бірақ бұлай кім жасауы мүмкін. Мүмкін жәй сәйкестік шығар.Осы ой мені жеп барады.





Пікір жазу