08.04.2023
153
СӘЛЕМДЕСУДІ ТАРАТУ
Пайғамбарымыз Мұхаммед
(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):“Кімнің бойынан мына қасиет табылса, ол кәміл иманды болғаны әділдік,жалпы жұртшылыққа сәлем беріп жүру және өзі мұқтаж бола тұрып өзгеге садақа беру”. (Имам Бұхари).
Бір мұсылман екінші бір мұсылманмен кездескенде:
“Әссәләму ъаләйкум уә рахмәтул-лаһи уә бәракәтуһ”. Мағынасы: Сіздерге Алланың бейбітшілігі, мейірімі мен берекесі болсын!- дейді.
Екіншісі болса:
“Уа ъаләйкумус-сәләму уә рахмәтул-лаһи уә бәракәтуһ”. Мағынасы: Сізге де Алланың бейбітшілігі, мейірімі мен берекесі болсын – дейді.