САПАР ДҰҒАСЫ
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Субханәлләзи саххара ләна һәзә, уә мә кунна ләһу муқринин. Уә инна илә Раббина ләмунқалибун. Аллаһумма инна нас-әлукә фи сәфәрина һәзә әл-бирра уат-тақуа; уә минал-ъамали ма тарда, Аллаһумма һәууін ъаләйна сәфәрана һәзә уат-уи ъанна буъдаһу. Аллаһумма әнтәс-сахибу фис-сәфәр, уәл-халифату фи-л-әһл, Аллаһумма инни әъузу бикә мин уәъсә-ис-сәфәр, уә кә-әбатил-манзар уәс-су-и мунқаләби фил мәли уәл-әһл». Мағынасы: Алла ұлы! Алла ұлы! Алла ұлы! “Бізге мұны бағынышты еткен Алла пәк. Әйтпесе оған біздің шамамыз жетпес еді. Сөзсіз біз Жаратушы Иеміз жаққа қайтып барамыз”. (“Зухруф” сүресі 13- аяты). Ей, Алла! Біз Сенен осы сапарымызда ізгілікті, тақуалықты және Өзің риза болатын іс-әрекеттерді жасауымызды сұраймыз. Ей, Алла! Бұл сапарымызды бізге жеңіл ет, әрі оның қашықтығын бізге жақын ет. Ей, Алла! Сапардағы жолдасым Өзіңсің, сондай-ақ, жанұяммен қалған да Өзіңсің. Ей, Алла! Мен Сенен сапардың ауыртпашылықтары мен мұңлы көріністен сондай-ақ, мал-мүлкім мен үй ішіме қаралы қайтудан Өзіңе сыйынамын.
Сапардан қайтқанда мына сөздерді қосып айтады:
»نودماح انببرل ،نودباع ،نوبئات ،نوبيآ« .
«Әибуна, тәибун, ъабидуна, лираббина хамидун». Мағынасы: “Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып келе жатырмыз”.