08.04.2023
185
ҚАБІРДІ ЗИЯРАТ ЕТКЕНДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
Қабірлерді зиярат жасау дініміздегі ең жақсы амалдардың бірі. Қабірстанға барғанда ең әуелі мына дұғаны оқылады:
“Әссәләму ъаләйкум әһләд-диәри минәл-му›мининә уәл муслиминә, уә иннә ин шә-аллаһу бикум ләхиқун [уә ярхамул-лаһул –мустәқдиминә миннә уәл-мустә›хирин әс-әлуллаһә ләнә уә ләкумул-ъафияһ]”. Мағынасы: Әссәләму алейкум уа, бұл мазарда жатқан мүміндер мен мұсылмандар! Алла қаласа біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз (бізден бұрын өткендерді де, бізден кейін өткендерді де Алла рахым етсін). Алладан өзімізге де, сіздерге де азаптан құтқаруды сұраймыз.
Осыдан соң өткен марқұмдарға Құран Кәрім бағыштап, дұға ету керек. Қабірді зиярат ету адамға рухани пайдасы көп.