08.04.2023
  95


Автор: Бодо Шефер

МИХАЭЛЬ

Түнде Карлдың түсіне тағы да алқызыл свитер киген кемпір кірді. Ол тағы маңызды бірдеңе айтқысы келді, бірақ бұл ештеңе түсінбеді.


Онда қара түсті ағаш та болды. Бірақ Карл бұл жолы ол ағашқа оны


әке-шешесі жібергенін есіне түсірді. Ол ағаштық үсті-не шыққысы келмесе де, шыға бастады да, құлап түсті. Анна көмектеспек болып жанына келіп еді, алайда бұл оны қуып жіберді. Осы кезде кепмір жынданған адамша ымдап бір нәрселерді көрсетіп жатты.


Ол Анна кеткен жаққа қарады. Ол басқа әдемі, жарық ағаштың қасында күтіп тұр екен. Карл сол жаққа барғысы келді, бірақ оны бірдеңе жібермеді. Ол өте қорқып кетті. Кемпір күлгін күнделікті көрсетіп, төсектің астына қойды. Карл оянса, қара терге түсіпті. Ол бұл түстің маңызы


зор екенін ұқты, алайда оны түсіне алмай дал болыды. Ол қолын төсектің астына салып жіберіп еді, онда күлгін күнделік жатыр екен. Оны ашты да оқи бастады:


 


 


Әр әдамның өмірінде айқындаушы болып табылатын және оның еркіндігін шектеп тұратын, ең құрығанда, бір қорқы-ныш болады.


Неге қорқыныш еркіндікті шектейді? Өйткені сені қорқыныш билейтін болса, онда сенің өміріңді басқа біреулер басқара-ды және бақылайды деген сөз.


 


Адамдар өздерінің кемшіліктерінен жиі қорқады. Алайда сен бар болмысыңмен жақсысың.


Қандай да бір жағдайдан қорқасың ба? Өзіңе: «Бұл қолым-нан келеді» де. Бұның қолыңнан келетініне күннен күнге сенімің арта түсуі керек.


Егер сен қорқыныштан қашар болсаң, ол ұлғая түседі де, сен кішірее бересің.


Қорқыныш саған жол сілтейді. Сондықтан да оны: «Мұнда жүр. Мыныны үйрен. Мынаны жетілдір. Мына жерден қарғып өтуің керек. Ал мына жерде сенің зор әлеуетің жасырынып жатыр» деп айтып отыратын досым деп ұқ.


Сен өзіңді ұстап тұрған қорқыныштан безуің керек. Ол үшін қорқынышты басқа нәрсемен алмастыру қажет, айталық сенімділіпен. Ол қолыңнан келетініне, лайықты екеніңе, осы болмысыңмен жақсы екеніңе сеніп үйрен.


Қорқыныш бізді сылтау айтуға итермелейді («мен қорыққан-дықтан ештеме істей алмаймын»). Осылайша қауіптен құтылу арқылы сен жеңілдік сезінесің.


Шын мәнінде сен әлсіз бола түстің. Қорқыныш билегенде табыстың орнына сәтсіздіктер көбейе түседі.


Қорқыныш сезімін дұрыс пайдалану керек. Қорқыныш сылтау айтуға итермелемей, саған дұрыс бағыт сілтеуі керек. Қорқынышты жеңуден басқа жол жоқ. Болашақтағы өмірің осы қорқыныштарыңды игеруіңе байланысты болмақ.


 


Карл түк түсінер емес, мұның бәрі қайдан келіп жатыр! Ол таңғажайыпқа сенген емес, түстің қиялдан немесе түпнұсқадан туындайтынын біледі. Алайда күлгін күнделікті өңінде ұстап отыр емес пе?


Бір кезде бұған логикалық түсінік бар екенін, оны ол міндетті түрде анықтайтынына сенімділік сезімін сезінді. Ол жымиды да өзіне: «Қызық, бұл өзіндік сана ма әлде жындылық па?» деді.


Объективтік шындықтың жоқ екені, ол жөнін-де ғалымдардың көзқарасы бірегей екені оның есіне түсті. «Жақсы» деп ойлады Карл – «олай болса, менің жындылығым позитивтік бағытта болғаны».


 


 


Тура сағат тоғызда оған Марк келді. Әдеттегідей ол өте сыпайы еді:


– Менімен баратының қандай жақсы болды. Михаэль менің өмірімдегі басты ұстаздарымның бірі. Мен осын-дай қазынама сені ортақттастыратыныма қуанып тұрмын. Сонан кейін мен әлемдегі ірі концерндердің бірінде баяндама оқимын. Егер қаласаң бірге жүр.


– Мен де қуаныштымын, – селқос жауап берді Карл. – Әрине, сенің баяндамаңды рахаттана тыңдар едім.


Оның ойынан көрген түсі мен күлгін күнделікте жазылған жазулар кетер емес. Сондықтан ол:


– Менде неге қорқыныш көп? Олар қайдан келеді? – деп сұрады.


– Жақсы сұрақ. Бүгін біз оны ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастыратын боламыз, – деді Марк.


– Сенің барлық сұраққа жауабың бар ма? – деп таңқалды Карл.


– Менің жауаптан гөрі сұрағым көп. Дегенмен қорқы-ныш туралы сұрақтарыңа жауап бере аламын, ол туралы көп оқығанмын. Біздің миымыздың стандартты қалпы үрей болып табылады, соның әсерінен біз негативтің көбейгенін айтамыз. Ата-бабамыздың даму тарихы-на үңілсек, олардың жабайы аңдардан қорғанғанын білеміз. Сондықтан да жабайы мысықтан қорқу сезімі оны сипалаудан күштірек, ол тірі қалуды қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Қорқыныш біздің қанымызда бар, ол ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Бұл біз жағымды фактордан гөрі жағымсыз факторларға назарымызды көп аударамыз деген сөз. Және оларды есте жақсы сақтаймыз. Өкінішке орай, бұл позитивті нәрселерді бағаламаймыз деген сөз.


– Ал бүгінде қорқыныш қандай мәнге ие? – деп қоймады Карл.


– Қазір білетін боласың. Біз негативті көңіл-күйде-гі адамдарға көбірек құрмет көрсетеміз. Барлық эмоци-ямен қуатталған сөздердің 62 пайызы негативті реңкке ие және бұл барлық тілге қатысты. Осыған байланысты біз бақытты сәттердің көпшілігін автоматты тұрде байқа-маймыз, қорқыныш сезінеміз. Соңғы екі жарым миллион жыл бойы бұл біздің тірі қалуымызға көмектесті, миымыз бізді батылдыққа бағыттамауы керек, бізді қорғауы керек, өйткені ол біздің өмірімізді сақтап қалғысы келіп тұр емес пе. Сондықтан да ол негативті жағдайлар пози-тивті жағдайлардан сирек болады деген фактіні елегісі де келмейді.


– Сондықтан да біз ақ қағазды көрмей, қара шрифті көреміз, – деді ойлы қалпында Карл. Ол Маркке Аннадан үйренгендерін айтып берді.


– Керемет образ! Анна сөз сиқыршысы ғой, – деді қуанышты Марк.


– Онда мен былжырақ, босбелбеу емеспін ғой, – деп өз ойын дауыстап айтып салды Карл. – Қарапайым адам болғаным ғой. Тек миым солай жұмыс істейді де.


– Әрине, бәрі дұрыс. Сенің қазіргі жағдайың барлық адам өтетін даму жолы, – деп түсіндірді Марк, сөйтті де:


– Алайда оны көп адам біле бермейді. Өзіндік сананы көтеру соншалықты қиын шаруа емес. Сол кезде қорқы-ныш сезімі автоматты түрде әлсірей береді. Үдеріс қорқы-ныштан өз-өзіне сенуге дейінгі төрт қадамнан тұрады. Біріншіден, адам өзінің тәжірибесін түсінуі керек. Екін-шіден, оны бағалауы керек.


 


– Яғни дүрбінің қай жағынан қарайтынын шешу керек, – деп Марктің сөзін бөлді Карл. Ол Аннаның тұжырымдарын айтып берді. Марк тағы қуана:


– Біз осы образдарды өзіндік сана туралы фильміміз-ге қосуымыз керек, – деді.


– Келісемін, – деді Карл.


– Үшіншіден, позитивті тәжірибе жинау керек, төртіншіден, оны пайдалану қажет. Өзімізге қажет кезде оны жадымызда жаңғыртып алып отыруымыз керек.


– Мұның бәрі теория. Өкінішке орай, мен оны прак-тикада қалай жасау керек екенін білмеймін.


– Мен оны қуана көрсетемін, алайда қазір менің басты ұстазымның бірі Михаэльмен таныстырайын.


 


 


Марк үлкен клиниканың қасына келіп тоқтады. Карлға Марктің Михаэль туралы құрметпен айтқан әңгімесі әсер етті. Олар ғимаратқа кірді. «Михаэль деген үлкен профессор шығар» деп ойлады Карл.


Марк аурухананы жақсы білетін болып шықты. Олар ұзын дәлізбен біраз жүріп, бір есіктің қасына келіп тоқта-ды. Марк есікті қақты. «Кіріңіз» деген әлсіз дауыс шықты. Үлкен кереуеттің үстінде жасы он екілер шамасын-дағы өңі боп-боз бала отырды. Оның басында шашы жоқ еді. Марк оның қасына барып, мейіріммен құшақтады,


сосын Карлға бұрылды да:


– Танысып қойыңдар, бұл – Михаэль, Михаэль ал мынау – Карл, – деді.


– Сәлем Михаэль, – деп Карл балаға қымсына қолын ұсынды. Жауап ретінде бала Карлдың қолын қатты қысты. Карл: «Марк ескертсе болатын еді ғой. Бұл болса ауру бала емес, профессормен кездесем деп келген еді. Оған не болды екен?» деп ойлады. Карлға не болғаны қызық болса да, ол туралы сұрау ыңғайсыз деп ойлады.


 


 


Михаэль Карлдың қобалжып тұрғанын сезгендей:


– Сен мынау ауруханада не істеп жатыр деп ойлап тұрған шығарсың? Менің миымда ісік бар. Операция жасауға кеш... Дәрігерлер маған бір ай мен үш айдың арасында өмірің қалды деп отыр.


Карл ештеңе айта алмай қалды, көмейіне өксік тірел-ді. Ол бірден Маркке қарап еді, ол Михаэльдің сөзін құптап, басын изеді.


Михаэль иығын қиқаң еткізді де:


– Марк маған сен туралы көп айтқан. Ол сен жақын-да керемет актер боласың деді. Бұл ең тамаша мамандық деп ойлаймын.


«Өзін сабырлы ұстайды екен» деп таңырқады Карл. Мұндай ауыру бала мұңға батып жатпас па еді.


Михаэль оның ойын бөліп жіберді:


– Ең керемет футболшы болғым келген. Енді одан түк шықпатын түрі бар.


Марк бұған не деп жауап берерін де білмеді.


– Марк маған сенің жарық қондырушының дубле-ры болып жұмыс істейтініңді айтқан. Енді арманыңды орындайтын уақыт жетті деді, – Михаэль Карлға ойлана қарады: – Қашан бастайсың?


– Оны бірден айту қиын. Маған қазір таңдау жоқ.


– Менің таңдауым жоқ. Мен енді футбол ойнай алмаймын. Ісік миымдағы бірнеше нүктені басып, мен тіпті қозғала да алмаймын.


– Өте өкінішті, – деп міңгірледі Карл.


– Сен өкінгеннен мен жеңілдеп қалмаймын. Алайда сен маған үлкен қуаныш сыйлай аласың, – Михаэль Карл-дың көзіне тура қарады да: – Мені қуантқың келе ме? – деді.


– Әрине, – бұл сұрақ тұтқиылдан қойылды. Карл бұл баланың өзіне ұнап бара жатқанын сезді.


– Жақсы, – деп басын изеді Михаэль. – Менің киноны қалай түсіретінін көрсем деген үлкен арманым бар. – Оны көрсете аламын, – деді Карл.


– Бұнымен менің тілегім бітпейді. Марк сен туралы айтқаннан кейін сенің фильмде түскеніңді көргім келеді.


– Енді бұл туралы уәде бере алмаймын, – деп Карл көзін төмен түсірді.


– Бере аласың. Марк сенің актер болам деп нақты шешім қабылдағаныңды айтты. Ендеше актер бол. Менің уақытым көп емес.


Карл қабағын шытып, Маркке қарады да: «Бұл тағы қандай қойылым?» деп ойлады, бірақ оның дауысы шығып кеткен еді. Марк үндемеді.


– Бұл қойылым емес. Мен сенен «мені қуанта аласың ба» деп сұрадым, сен «иә» дедің.


– Иә, сондай шешім қабылдағаным рас. Бірақ тап солай болады деген сөз емес қой. Көп адам әртіс болғысы келеді, дегенмен олардың бәрі әртіс бола бермейді.


– Бірақ мен көппен емес, сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, – деді Михаэль. Оның жүзі жиырма жасқа есейген-дей көрінді.


– Аурулар туралы ең үлкен өтірік не екенін білесің бе? Адамдар егер бір адам ауырса, одан пайда жоқ, оның қолынан ештеме келмейді, оның өмірінің мәні жоқ деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Иә, мен енді футбол ойнай алмаймын. Алайда мен саған актер болуға көмектесе аламын. Мен солай болғанын қалаймын және солай бола-тынын анық білемін.


Карл балаға күмәнмен қарады.


– Маған неге олай қарайсың? Саған біреу шындықты айтуы керек қой. Анна саған ғашық болса, сенің жақсы адам болғаның. Мен егер ересек болсам, оған ойлан-бастан үйленер едім. Ол сенің дарының керемет деді. Марк те саған сенеді... Ал сен болсаң әр қадамыңнан қорқасың. Сен қорқақсың дер едім мен. Ал мен қорқыныштан арылуды үйретер едім. Бәрі қарапайым. Карлдың аралас сезімдерден басы қатып тұр еді.


Михаэльдің мұнда несі бар? Шынтуайтқа келгенде бұл оның өмірі ғой. Михаэль оны ақмақ қылып қойды. Алайда баланың өмір сүруіне бірнеше ай ғана қалды, сондықтан Карлдың жаны ашып та тұр еді. Бір жағынан зығырда-ны да қайнап тұрған еді. Сонан соң ол өзіне қадалған Михаэльдің көздерін байқап қалды.


– Сен қорқасың, – деді ол.


– Иә, қорқамын, – Карл танымайтын балаға осынша-ма ашылғанына таңқалды. – Ал сен қорықпайсың ба?


Ол тілін тістеп алуға дайын еді. Қалайша үмітсіз, ауру баладан осылай сұрады екен.


– Міне, ойыңдағыны жасырмай айта бастадың. Жоқ, қорықпаймын. Өлімнен де.


– Шынында да ма?


– Шынында да! Көп адам өлімнен қорыққандықтан, ол туралы жаман ойлайды деп ойлаймын. Алайда өлімнен кейін керемет нәрсе болуы да мүмкін ғой. Мүмкін бізден бұрын өлгендер бізді сол жақта күтіп жатқан болар. Онда бұл жердегіден де жақсы шығар.


Карл таңқалды. Мына бала осыншама күшті қайдан алып жатыр?


– Ал енді күл, – деді Михаэль. – Сен неге қорқасың соншалықты?


– Оны өзім де білмеймін. Мүмкін жақсы актер бола алмаймын деп қорқатын шығармын. Ол кезде менде диплом да жоқ, актерліктен де ештеме шықпайды, ата-анам миымды жеп қояды. Мен өз-өзімді жек көріп кетем, ақша табу үшін әйтеуір бір жұмыс тауып алам...


–     Иә, жігітім, жағдайың мәз емес екен. Дегенмен біз оны жеңіп шығамыз. Саған шын мәнінде неден қорқу керек екенін білесің бе? Арманыңды тұншықтырып тастаудан қорқу керек. Ал сен болса ел не дейді дегеннен қорқасың. Оның бәрі түкке тұрмайтын нәрсе. Сенің өзіңе деген күмәнің – басқа адамдардың күмәны. Сен оны тек түпсанаңа сіңіріп алғансың.


– Мұның бәрін қайдан білесің? – деп сұрады Карл.


– Ми айтып берді, – деп күлді Михаэль Маркті нұсқап, – ол маған көп нәрсе айтты! Бұл маған өте маңыз-ды. Марк маған күнде WhatsApp-қа түрлі даналық ойлар жіберіп отырады. Бүгін ол маған Йоданың сөздерін жіберді. Ол «Жұлдызды соғыстардағы» джедайлардың магистрі. Номеріңді берші, мен саған жіберейін.


Карл оған телефон номерін берді. Сол сәтте оған хабарлама келді:


 


Қорқыныш деген қараңғылыққа жол


 


 


– Күшті иә? – деп сұрады Михаэль.


– Білмеймін, шындыққа жанаса ма екен бұл?


– Сен не Йодаға сенбей тұрсың ба? Ол тіпті Марктен де ақылды!


– Олай болуы мүмкін емес, – деп әзілдеді Карл.


– Міне, сен күле бастадың. Дегенмен, мен сенің жауа-быңды күтіп отырмын.


– Қандай жауап?


– Мынаны қара, қандай жауап дейді ғой тағы! Қандай жауап екені белгілі емес пе, мені өзің түсетін фильмнің түсіріліміне алып барасың ба деймін?


– Мен қазір кафетерийге барып бірдеңе ішіп келейін, бір жағынан ойланып алам. Сонан соң жауап берейін саған.


 


Ол кофесін ішіп болмай жатып, балаға уәде берем деп шешті. Ол баланың өзіне бұрын болмаған күш сыйлаға-нын сезінді. Енді уәдесінде тұру үшін бар күшін жұмсау керек болады.


Ол Михаэльге келді де:


– Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Шын мәнінде бәрін жасаймын. Марк дұрыс десе, бәрі де бола-ды, – деді де салтанатты түрмен Карл:


– Мен актер бола салысымен сені алғашқы түсірілі-міме алып барамын. Уәде беремін.


– Сен маған неге уәде беріп тұрсың? – деп сынай қарады Михаэль.


– Өйткені сен маған күш бердің. Мен уәде берген-діктен, маған шегінерге жол жоқ. Мен уәдемде тұруым керек. Йодамен әзілдеуге болмайды ғой. Мәселе менде ғана болса, осылай жалғаса берер ме еді. Алайда маған енді әрекет ету керек. Оған себеп бар..., - Карл мұндай-ды айтуға бола ма деп, тосылып қалды – Менің асығуым керек.


– Бері келші, құшақташы мені, – деді көңілі босап кеткен Михаэль.


Карл ақырын баланы құшақтады да, одан келіп жатқан орасан күшті сезінді. Қорқыныш жоқ болды. Енді ол тек алға жылжиды, өйткені уәде берді.


– Күшті бол, – деп Йоданың сөзін қайталады Михаэль.


– Сен де дана Йода.


 


 


Сонан соң ол Марк екеуі машинада ұзақ үнсіз келе жатты. Ми әлемнің ірі компанияларының бірінде сөз сөйлеуге келе жатыр еді. Марк Карлдың терең ойда екенін көріп келе жатқан.


«Ауру балаға не үшін уәде бердім? – деп ойланды


 


 


Карл – Өзіме сылтау қалдырмас үшін. Маған себеп керек болды, енді ол бар. Мен Михаэльдің көңілін қалдыр-мауым керек, мен оның көңілінен шығатын боламын».


Жолда Марк баяндамасы не туралы екенін айтты. Баяндама бес жүз мыңдай қызметкерге арналған екен, онда ол өзіндік сананың маңызы туралы айтады екен. Ол қызметкерлердің бойында қазірдің өзінде бұл кемшілік жоқ сияқты.


Марк олардың жанды жерлеріне тигісі келді. Олар маңызды өнім шығарып, содан ақша табуды жоспарлап отырғандар. Екі жаққа да өзіндік сана керек.


Карлға тек тыңдау қалып тұр. Ал талқылауды олар қайтар жолға қалдырды.


– Бұл жоғары деңгейдегі баяндама болмақ. Ғылым-ның соңғы жаңалықтары айтылады, – деді Марк.


Компанияда оларға үлкен құрмет көрсетілді. Карл Марктің бұл әлемдік деңгейдегі өндірісте зор мәртебеге ие екеніне көз жеткізді.


Марк     баяндамасын        бірден     бастап      кетті.     Ол жиналғандарға жаттығу жасауды ұсынды: олар екі минут ішінде өздерін қарындашпен бейнелеп шығулары керек еді. Суреттері шедевр болмаса да талпынатын әрекет. Жиналғандар зиялы қауым болатын, барлығы іске кірісіп кетті.


Сосын Марк:


– Енді мен сіздерге таратып берген үш түрлі: қара, жасыл, және қызғылтсары қарындаштарды алып, өзіңізге ұнамайтын жерлерді қара түспен, ал бейтарап жерлерін, яғни не жақсы, не жаман емес деп ойлайтын жерле-ріңізді жасыл түспен, ал өзіңізге ұнайтын тұстарыңызды


қызғылтсары түспен бояңыздар.


Тыңдаушылар күліп алды да бояуға кірісті. Карлға бұл бүртүрлі болып көрінді: бес жүз жетекші маман, ғылым-ның соңғы жағалықтары, қай қайдағы сурет салу...


 


 


 


Барлығы тапсырманы орындап болған кезде, Марк суреттерінің қанша пайызы қарамен, жасылмен және қызғылтсарымен боялғанын бағалауды тапсырды.


Көпшілігінде қара түс көп болып шықты, ол бұл адамдар өздері туралы жағымды ойлай бермейді деген сөз еді. Қалғандарының суреттері жартылай жасылмен, жартылай қызғылтсарымен боялған еді.


Марк өзіне жақсы қараудың, өзін сол қалпында қабылдаудың, тіпті өзін-өзі жақсы көрудің маңызы тура-лы айтты. Өнімділік деңгейі – тапқан ақшасының мөлшері осыған байланысты екен.


 


 


Карлға бұл қатты әсер етті. Ол да жаттығуды жасаған болатын және оның суретінде қызғылтсары түс аз болып шықты.


Ал марк болса бұл кезде сөзін жалғастырып жатыр еді. Ол екі маңызыды цифрды атап өтті:


– Өз құндылықтарын анық белгілеген фирма-лар құндылықтарын жазбаша көрсетпеген фирмаларға қарағанда 25 жыл ішінде 700 пайыз табысқа кенеледі екен. Сондықтан біз жеке тұлға ретінде де, фирма ретінде де, қандай құндылықтарды басшылыққа алатынымыз маңыз-ды. Бұл өзіндік санаға да қатысты.


Сонымен қатар он адамның тоғызы белгілі бір жағдайларда өздеріне сенімділік жетпейтінін айтады.


Карл түйгендерін жазып қою керек деп шешті. Ол күлгін күнделікті тастамай алып жүрген. Оны алды да, жаза бастады:


 


Кейбіреулер ақша ағашта өседі дейді. Ол дұрыс айтады, өйткені ақша дегеніміз біздің идеямыз. Ақша идеядан пайда болады. Адам бар жерде проблема да бар. Осы пробемалар-ды шеше білгендер байып кетеді.


Идеяң көп болған сайын көп проблема шешесің. Бұл тұрғы-да өзіндік сана дегеніміз сендегі идеялар санының шексіз екенін түсіну қабілетін білдіреді.


Ең жақсы армандар проблемалардың артында шешімді талап етіп, жасырынып жатады. Ол үшін идеялар керек. Сен өзіңді проблеманы шешуге қабілеттімін немесе қабілет-сізбін деп есептесең де дұрыс болғаны.


 


Соңында Марк ақша мәселесіне тоқталды:


– Сіздің ойыңыздағы жақсы идеяның көмегімен миллион адамды толғандырып жүрген проблеманы шешуге болады деп ойлаңыздаршы. Айталық, осы милли-онның әрқайсысы осы идея негізінде өндірілген өнімге он евродан береді делік. Осы он евроның бір евросын өз идеяңыз үшін алсаңыз әділетті болмай ма? Сонда милли-он евро болады. Әрине әділетті, өйткені сіздің идеяңыз-сыз фирма он миллиондық табыс таппас еді.


Марк тағы жарты сағат сөз сөйледі. Ол проблема, идея, өзіндік сана және идеяларды жүзеге асыру арасын-дағы байланысты түсіндірді, онсыз табыс пен бақытқа қол жеткізу мүмкін емес екенін айтты.


Соңында ол былай қорытындылады:


– Сенің өзіндік санаң жоғары болған сайын идеяң да көп болады және сен олардың арасынан маңыздысын таңдап ала аласың. Идеяң көп болған сайын көп пробле-ма шеше аласың. Проблемаларды шешкен сайын табы-сың да ұлғая түседі. Нәтижесінде бізге қанша проблема шеше алатындығымызға қарай ақша төлейді. Ол үшін өзіндік сана керек.


 


Марк сөзін аяқтаған кезде барлық қатысушылар орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. «Оған ұнайтын шығар» деп ойлады Карл Маркті бақылап тұрып. Оған шынымен де ұнап тұр еді, сонымен қатар оның жүзінен тыңдаушыларына деген алғысты да көруге болатын еді.


 


 


Қайтарда олар жол кептелісінде тұрып қалды. Марк қуана:


– Мына кептелісті қара! Олай болса әңгімелесуге де уақыт бар деген сөз. Тамаша! – деді.


Карлдің Маркті кейде біртүрлі деп есептейтіні есіне түсіп кетті. Бірақ оны жақсы таныған сайын, құрметі арта түскендей. Марк басқалардан ерекшеленіп тұратын, бұл өзгешелік оған жарасымды еді.


Карл бүгін көп нәрсе білді және оны талқылауға асықты. Өзінің қорқыныштары, жаңа ғана естіген сөздері, әсіресе Михаэль туралы сөйлескісі келді. Ауыр нақаспен ауыратын он екі жасар бала қалайша осыншама дана және ақылды бола алады? «Мүмкін ол өлмейтін шығар» деп ойлады үмітін үзбеген Карл.


Алайда Маркті басқа ой мазалап отыр екен. Ол:


– Сенің дайындығың аяқталды деп ойлаймын. Енді біз оны жүзеге асыруға кірісуіміз керек.


– Қандай дайындық?


– Өзіндік сана қалыптасатын ментальдық дайын-дық, – деді Марк.


– Мынаның бәрі сонда дайындық болғаны ма? – Карл өз құлағына өзі сенбеді. – Сенен және Аннадан білгенімнің бәрі, сенің хабарламаларың, Мексикадағы дон Хосе, менің ата-анаммен сөйлескенім, ғылыми тұжырымдар, сырқат Михаэль, сенің қорқыныш туралы әңгімелерің, өзіндік сана және ақша туралы баяндамаң, – осының бәрі дайындық болғаны ма?


 


– Иә, – деп жауап берді Марк. – Тек ішкі дайындықты қалыптастыру. Біздің жетістігіміз – сенің басқаша ойлай бастауың. Сенің ойлау қабілетің өзгерді. Енді сен шешім қабылдайтын нүктеге келдің. Одан кейін сен үйрен-геніңнің бәрін жүзеге асыра аласың.


– Мен оны әлдеқашан бастап кеткенмін, – деп қарсы-ласты Карл.


– Жоқ әлі. Оның барлығы әзірше сенің басыңда жүріп жатыр, – деді Марк.


– Солай ма? – деді күмәнмен Карл. – Ал ата-анаммен болған әңгіме ше?


– Ол да тоқсан бес пайыз сенің басыңда болды. Олармен әңгімең қысқа болған жоқ па? Қалғаны тек сенің басыңдағы ішкі диалог және қорқыныштарың. Сен оларға ішіңде не болып жатқаны туралы айтқан жоқсың ғой.


– Алайда мен университетті тастаймын деп шештім ғой, әлде ол саналмай ма? – деп қоймады Карл.


– Сен универнситеттен кетіп қалдың ба? Карл басын шайқады.


– Көрдің бе, мұның бәрі әзірше сенің ойыңдағы нәрсе.


Карл әлі ештеме бастамағанын түсінді. Мұның бәрі шынында да дайындық екен, өмірінде ешқандай өзгеріс болып жатқан жоқ еді, өзгеріс оның ішкі дүниесінде болып жатыр екен. Мұны түсінгенде оның көңіл-күйі түсіп кетті. Марк оны бірден байқады.


– Көңіл-күйің жоқ қой.


– Бұның бәрі тек менің ойым ғана екен, – деді шара-сыз Карл. Марк:


– Ол сенің ойың болды. Дегенмен сен «тек ойым ғана» деп қателесіп тұрсың. Өйткені біздің ойымыз – ең маңыздысы. Сыртқы әлемімізде болып жатқанның бәрі алғашында ойымызда пайда болады. Өміріміз алдын ала ойлаған ойымыздан түзіледі. Алдымен біз ішкі дүние-мізді өзгертеміз, сосын ғана сыртқы әлеміміз өзгереді. Менің саған жақсы жаңалығым бар: егер сен өзіндік санаңды қалыптастырам деп шешім қабылдасаң, онда жарты жолдан өткенің.


– Ендеше осыған дейін істегендеріміздің маңызы болғаны ғой, – деп ойлана тіл қатты Карл.


– Иә, егер сен бүгін Михаэльге берген уәдеңді орын-дасаң. Өйткені саналы шешім болашаққа тікелей апарар жол деген сөз.


– Мен оған сенімдімін. Мен сөзімде тұрамын. Мен өзіндік санамды көтергенде ғана актер болатынымды түсіндім. Қазіргі деңгейде мен оған қол жеткізе алмай-мын. Дегенмен, мен өз дегеніме жеткім келеді.


– «Жеткім келеді» ме? Әлде «мен жетуім керек және жетемін» бе? Бұл екі түрлі нәрсе. Соңғысы ғана табысқа жетелейді.


– Қадалған жерден қан алмай қоймайды екенсің, – деп міңгірледі Карл.


– Сеніңше болсын, мен жетуім керек және жетемін, өйткені Михаэльге уәде бердім. Ал қолымнан келе ме, ол туралы әлі ештеңе айта алмаймын.


– Уәде сен өзіңе: «мен жетуім керек және жетемін» дегенде ғана уәде болады. Ол үшін бұлтартпас себеп керек. Сен қазір саған өзіндік сана не үшін керек деген сұраққа себеп іздейсің. Осыны жүзеге асырған кезде сенде автоматты түрде «мен қол жеткіземін» деген сезім пайда болады. Соңғы кезде білгендеріңнің бәрін ой елегі-нен өткіз, кептелісте біздің уақытымыз жеткілікті.


– Одан да мен жазайын, – деп Карл күлгін күнделі-гін рюкзагінен шығара бастады. Ол жазу оған көмекте-сетінін білді. Ол терең ойланды, оның ойы Маркпен, Аннамен, дон Хосемен, Михаэльмен өткізген уақытына орала берді. Ойына маңызды нәрсе келгенде ол дәптеріне жазып, Маркке оқып беріп отырды. Сонан соң олар әрбір тармақты талдады.


 


Өзіңдік сана туралы не білдім?


– Өзіме өзім сенімді болғанда ғана менің бәрі қолым-нан келетінін түсіндім. Мен армандаған мамандығыма қол жеткізіп, актер бола аламын. Мен бойымдағы және алда болатын проблемаларды жеңе аламын. Мен өз-өзіме сене бастаймын.


– Сонда ғана мен махаббатқа лайықты екенімді сезіне аламын, сонда ғана Анна екеуміздің қарым-қатынасымыз реттеледі. Ол менің өмірімдегі ең керемет жайт. Мен өзімді сыйлай бастаймын.


– Сонда ғана мен армандарымды орындай аламын. Не қолымнан келетіні, нені қалайтыным, нені армандай-тыным маған түсінікті бола бастайды. Армандар орындала бастайды.


– Сонда ғана өзімнің кім екенімді түсінемін. Егер менің қолымнан не келетінін және маған не ұнайтынын білсем, кім екенімді айқындау жеңіл болады. Мұндай жағдайда өз қалау-ымша өмір сүруге мүмкіндік туады. Осылайша ғана бақытты бола аламын. Мен өзімді жақсы білгім және түсінгім келеді. – Мен өзіме сенімді болмасам, басқа біреулердің жоспарымен өмір сүруге мәжбүр боламын. Мен олар-дың үмітін ақтай алмаймын деп қорқатын боламын. Мен өмірімді қорқыныштың басқарғанын қаламаймын. Мен өз өмірімді сүргім келеді.


– Мен Марк, Михаэль, дон Хосе сияқты достарымның болғанын қалаймын. Ол өзіндік сананы қалыптастыр-ғанда ғана болады. Егер өзімнің қателіктеріме ғана назар аударатын болсам, достарымнан да сондай кемшіліктер іздей бастаймын. Олар оған лайық емес.


 


– Мен неге қабілетті екенімді білгім келеді. Анна мен Марк менің өзім байқамаған қабілеттерімді байқап отыр. Мен оны түсінуге тырысуым керек.


– Маған Марктің позитивтілігі ұнайды. Ол барлық нәрседен жақсылық іздейді. Мен де сондай болғым келеді. Өзімді келбетті де құнды тұлға деп есептегенде ғана әлемді пози-тивті түрде көре бастаймын.


– Өзіндік санам болса ақшаны да көп таба бастайтынымды түсіндім. Анна менен көп есе ақша табады. Мен оның деңгей-іне көтерілсем, оның маған зияны тимес деп ойлаймын.


– Егер өзім туралы жақсы ойлай бастасам, өмірім де жақсарады. Бұл жағдайда өміріме тек жақсы нәрселерді ғана тартатын боламын. Бұл менің өзіме де қызықты. Мен жақсы нәрселерге лайықты екенімді білемін.


 


Марк Карлды мақтаудан шаршамады. Жазған себеп-тері шын мәнінде маңызды еді және оны жазып қойғаны да жақсы болған. Сонан соң Марк:


– Сен нақты шешім қабылдадың ба? – деді.


Карлдің есіне Марктің фирмасында оқыған бір дана сөз түсті: «Өзіндік сананы қалыптастырудың алғашқы қадамы – оның саған қажет екені туралы шешім қабылдау».


– Иә, шешім қабылдадым. Оқуымды тастаймын да әртіс боламын. Мен бақытты боламын және Аннаны да бақытты қыламын. Мен Михаэльге берген уәдемді орын-даймын. Ол үшін маған сенімді болу керек.


Күлімсіреп тұрды да, ол сөзін жалғастырды:


– Сен дұрыс айтыпсың. Себептерді түсініп жазған-да «болуым қажет және боламын» дегенді анық сезінеді екенсің.


– Бұл салтанатты сәт. Егер кептелісте тұрмағанда мен сені құттықтау үшін тоқтар едім, – деп Марк қуана күлді.


 


– Сен маған күліп отырсың ба? – деп сұрады Карл.


– Жоқ. Адамдарға өзіндік сананы табуға көмек-тесу менің мамандығым болып табылады. Мен сенің шешіміңе қуанышымды қалай жеткізерімді де білмей отырмын. Енді сен нағыз өмір сүре бастайсың. Мен сен үшін қуаныштымын, сол үшін күліп отырмын.


Олар қабылданған шешімді бекіту белгісі ретінде бір-бірінің қолын қысты. Бірнеше минут үнсіздіктен кейін Марк:


– Сен өзіңді мақтан тұтуыңа болады. Көп адам мұндай шешім қабылдай алмайды. Егер адам өзіне сенім-сіз болса, сылтау іздеп, тәуекелден қашуға тырысады. Ақтала бастайды. Ақталу – біздің өзімізге айтатын өтірі-гіміз. Ең үлкен өтірік: «менің қолымнан келмейді, мен соншалықты жақсы емеспін, мен лайықсызбын» деу. Кейбіреу: «мен қаламаймын» дейді. Алайда оның артын-да қолымнан келмейді деген түсінік жатыр. Өзіндік сана-ның төмен болуында ең жаманы не екенін білесің бе?


Карл басын шайқады.


– Адамның өзі туралы негативті ойлауында. Ол бейсаналы түрде өзін жазалау үшін тұрмыс-тіршілігін төмендете бастайды.


– Оны маған неге айтып тұрсың?


– Сен жазып қойсын деп. Ертең бәрі басқаша баста-лады. Қолыңда үнемі осы жазбаларың және мен жіберген хабарламалар жүрсін. Басында бәрі қиын болуы мүмкін, дегенмен арты жақсы болады. Осындай тәртіппен.


– Бұл ескерту ме?


– Әрине. Алайда бұл сенің қолыңнан келеді. Сонымен қатар сенің қасыңда саған сенетін және сені үнемі қорыл-дайтын мен, Анна және Михаэль сияқты достарың бар.


Марк оған көзін қысты да:


– Және саған күш беретін күлгін күнделікті де есің-нен шығарма, – деді.


 





Пікір жазу