ҒЫЛЫМ
– Міне, менің құтқарушым да келді! – деп қуана дауыстады Марк Карл мейрамханаға кіріп келген-де. Карл әдеттегідей дәл уақытында келген еді.
– Дәмді тамақтанған қандай кере-мет, ал жақсы адаммен бірге тамақтанған одан да тамаша, – деді Марк.
Карл оған ата-анасымен болған әңгімені және Анна-ның қорытындылары туралы айтып берді.
– Иә, сенің өміріңде тек сенің пікірің ғана маңыз-ды. Бақытқа апарар жол қарапайым: өзіңнің қолыңнан келетін және өзіңе ұнайтын нәрселерді істеуің керек. Сондықтан да өз пікірің маңызды. Сол себепті қолыңнан келетін және өзің ұнататын істермен ғана айналыс, – деп құптады Марк.
– Ал ата-анамды не істеймін? – деді Карл.
– Оларға уақыт бер. Олардың ойынша сен қолыңнан келмейтін іспен айналысқалы отырсың, олардың шындығын қиратып отырсың. Өйткені, олардың әдетте-гі шекаралары мен ұстанымдарына қауіп төніп тұр. Олар шындық деп отырған нәрсенің күмәнға айналғанын қаламайды, сондықтан да осындай әрекетке барып отыр. Асықтырма оларды, – деді Марк.
– Бірақ мен оларды аяймын, – деді ойлы түрде Карл. – Ал сен оны басқаша елестет. Сен оларға өздерінің шекарасы туралы ойлауға мүмкіндік беріп отырмын деп ойла. Ар жағында не тұрғанын кім білсін?
– Бұған дейін бұл жағдайды әке-шешеме берілген мүмкіндік деп қарастырмаппын. Олардың өздері де мұны мүмкіндік деп қарастыратынына күмәным бар, – деді Карл.
– Басқа адамдарға үлкен сый жасай алатынымызды білесің бе? – деп сұрады Марк. Карл білмеймін дегендей, иығын көтерді.
– Олардың табысты болатынына үміттеніп, оларға сену – сыйдың үлкені. Сен Пигмалион мен Галатея тура-лы ежелгі грек аңызын білетін бе едің?
Карл басын шайқады.
– Пигмалион мүсінші болған екен. Ол керемет мүсін жасап шығарады да оны Галатея деп атайды. Күн сайын жасаған мүсініне қызығып қарап отырады екен, соңында оған ғашық болады да онсыз өмір сүре алмайтын жағдай-ға жетеді. Махаббат құдайы Афродита оны аяп, мүсін-ге жан бітіреді. Пигмалион және Галатея бақытты өмір кешіпті.
Оқиғаны түсіндіру барысында Марк:
– Сондықтан да айналамыздағылардың бойынан байқаған қабілетті жарыққа шығаруға болады. Сол себепті өзіміздің айналамызға Галатеяға қараған Пигма-лион сияқты бізге махаббат көзбен қарайтын адамдарды жинауымыз қажет. Айналамызда біздің бойымыздағы жақсылықты жарыққа шығаратын адамдар болуы керек, –
деп ескертті.
– Мен сонда басқа адамдарға менсінбей қауруым керек пе?
– Жоқ. Біз ешкімге мін арта алмаймыз, бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Өзін өзі бағалай алмайтын адам ешкімді де бағалай алмайды. Өзін құрметтеу – жұқпалы нәрсе. Өзіне менсінбей қарау туралы да солай айтуға болады. Өзін сыйламайтын адам өзгені де сыйламайды. Сені бағаламайтын адамдар қасыңда жүрмеуге тиіс, сен де оларға уақыт жоғалтпа.
– Бұл әлгі екі ағашы бар жұмақ туралы оқиға ма? – деді ойланып Карл.
– Иә, – деді Марк. – Біз жалған ағаштың ықпалын-да кетпеуіміз керек. Бұл мүмкін қатігездік деп ұғарсың, бірақ жүйелілік болу керек. Ешқандай адам уды үлкен мөлшерде төзімділікпен іше алмайды.
– Бұл саған да қатысты ғой. Оған Мексикада көзжет-кіздік, – деп күліп қойды Карл.
– Ол рас, – деп келісті Марк. – Тағы бір-бір шыны эспрессо ішейік те, фирмаға барайық. Ол жерде сен өзін-дік сана, өзіне сену, өзін құрметтеу және өзің туралы түсініктерге берілген ғылыми негіздемелермен таныса аласың.
– Олардың бәрін түсінетін шығармын деп үмітте-немін, – деді Карл.
– Ол сен ойлағандай қиын емес. Сонымен қатар осы мәселелер туралы кеңес беретін құзыретті мамандарымыз бар.
– Иә, тап солай, өте білікті мамандар, – деп келісе кетті Карл. Оның ойына Анна оралған еді.
– Саған дайындық болсын, жолда тағы бір оқиға айтып берейін.
Карл риза кейіппен басын изеді. Ол оқиғаларды жақсы көретін, актер болуға итермелеген жағдайдың бірі де осы еді. Оған оғиғаларға жан бітірген ұнайтын.
Марк әңгімелей бастады:
– Бангкокта биіктігі төрт метр Будданың мүсіні бар. Ол екі жарым тонна алтыннан жасалған екен. Алттын-ның ғана бағасын есептегеннің өзінде оның құны жүз миллион евродан асатын көрінеді. Мүсінді жақында, 1957 жылы тапса керек. Ол былайша болыпты: Будданың қыштан жасалған мүсінін орнынан қозғалтпақшы болып-ты. Монахтар оны орнынан көтергенде ол жарылып кетіпті. Шіркеу бастығы мүсін күл-талқан боп қирайды деп зәресі ұшыпты. Осы кезде монахтар жарықшақтың ар жағынан алтынның жарқылын байқап қалыпты. Бірте-бірте мүсінді қыштан тазалағанда, олар мүсіннің сом алтыннан жасалғанын анықтаған екен.
Бір кездері бирмандық армия Таиландқа басып кіргенде, монахтар Будданың алтын мүсінін қышпен жауып тастаған екен. Бирмандық сарбаздар шіркеуге келіп барлық монахты өлтіріп тастапты. Бұл құпияны білетін бірде бір монах тірі қалмаса керек. Тек екі жүз жылдан кейін ғана шынайы алтын Будда ашылып отыр.
– Менің ойымша, біздің әрқайсымыздың бойымыз-да осында алтын Будда бар. Осының түп тамырында бір нәрсенің мәні жатыр, біздің жақсы көретін нәрселеріміз балалық шақ пен жастық шақтан бері қышпен қаптала береді де біз өзіміз туралы жалған пікірлерге сене бастай-мыз. Өзімізді қорғаймыз дейміз де, ішіміздегі алтынымы-зды жасыра береміз.
Олар керемет эспрессо ішті де, Марктің жұмысы, «Өзіндік сана» академиясына жол тартты. Маңдайшадағы жазуды көргенде Карл терең құрмет сезінді. Ол, Анна-ның сөзімен айтқанда, Марк-Мидың жиған орасан білімі туралы ойлады.
Марк Карлды конференц-залға ертіп келді.
– Біз өзіндік сананың ғылыми негіздері туралы фильм түсіргенбіз, соны көруді ұсынамын. Сен кез келген уақыт-та көрсетілімді тоқтата аласың. Сосын біз оны талдармыз. Фильмді түсіруге аз қаржы кетпесе керек. Онда қиын бейнеэффектілер қолданылыпты. Кіріспе бөлімінде Карл
Марктің дауысын естіді:
Сен өзгере аласың.
Осы уақытқа дейін ғалымдар ми өзгере алмайды деген тұжырымда болатын. Алайда бұл дұрыс емес. Біз өзіміз-ге жаңа бағдарлама жасай аламыз. Біз тіпті өз ойымызды бақылай аламыз.
Экранда осы кезде мидың бірте-бірте өзгеріске енгені көрсетіле бастады.
Сен кімсің? Бағдарлама құрастырушысың ба әлде бағдарла-масың ба?
Бұрынырақ біз өзімізге енгізілген бір бағдарламаны орын-дап жүрміз деп ойлайтын едік. Алайда бүгін біз өзіміз бағдарлама құрастырушымыз деп айта аламыз. Біз стакан-дағы нәрсе емеспіз, стаканның өзіміз. Біз өз компью-терімізге қандай бағдарлама орнататынымызды өзіміз білеміз. Ішімізді неге толтыратынымызды тек өзіміз ғана білеміз. Біз бағдарламашылармыз және өз бағдар-ламаларымызды өзгерте аламыз. Сондықтан да біз – өз болашағымызды жасаушылармыз.
Экранда толып тұрған стакан көрсетілді. Ішінде «сенің бағдарламаң» деп жазылып тұрды, ал стаканның сыртында «сен бағдарламашысың» деп жазылған еді.
Біздің ойымыз үздіксіз ішкі диалог болып табылады. Біз өзімізге сұрақ қоямыз да, оған өзіміз жауап береміз, ойша бірдеңені ойлаймыз да, оған дәлел іздейміз. Мұның бәрі «селектірлік түйсік» деп аталады.
Біз ішкі диалогымызды басқара аламыз, ондай жағдай-да диалогымыз бізге қарсы емес, біз үшін жұмыс істей бастайды.
Сенің ментальдық фитнесің қандай?
Өзіндік сананы біздің ментальдық фитнесіміздің деңгейі деп атаса да болады. Бұл өлшем бірлік біздің ментальдық тұрғы-да қаншалықты күшті және төзімді екенімізді білдіреді.
Біз өзіміздің неге қабілетті екенімізді білеміз бе?
Өзіміздің ойымызша қаншалықты махаббатқа лайықтымыз? Біз өзіміздің кім екенімізді білеміз бе?
Өзіндік сана өміріміздің барлық саласындағы ойларымыз-дың, сөздеріміздің, әрекеттеріміздің мазмұнын айқындайды. Көптеген зерттеулер өзіндік сананың тіпті қарым-қатына-сымызға да әсері бар екенін айтады. Біз өзімізге жақсы қараған сайын, айналамыздағылар да бізге жақсы қарай-ды. Ал басқа адамдарға жақсы қараған сайын, олар да бізге жақсы қарым-қатынас жасайды. Көп адам өздерінен ешқандай ерекшелік байқамайды, сондықтан да басқа адамдарды да ерекше деп ойламайды. Нәтижесінде, олар өздерін де, басқаларды да төмен тартады.
Адамның ойлауы сызықтық па, әлде экспоненциалдық па, ол өзіндік санаға байланысты. Жалақысын көбейтуді сұрай ала ма, тәуекелге бара ала ма, таныс емес адаммен сөйлесіп кете ала ма...
Ескерту: миымыз жұмысымызды қиындатуы мүмкін... Біздің миымызда негативті ақпарат көбірек сақталып қала-ды: жаман хабарлар тезірек өңделеді де, ұзағырақ сақтала-ды, біз оларға аса мән береміз, олардың бізге ықпалы зор. Эволюция тұрғысында бұның мәні бар – осылайша табиғат бізді қауіп-қатерден қорғайды және тірі қалуымызды қамтамасыз етеді. Өткеніміздегі орынды іс-әрекеттер біздің өзіндік санамызға кері әсер етеді. Біз өзіміздің табысымы-здан гөрі қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізге басты назар аударып, оларды есте ұстаймыз. Сәтсіздіктерге көп көңіл бөлеміз.
Бөлмеге Анна кіріп келді. Карл оны көре сала бақытқа бөленді, ол өзінің осы қызға ғашық екеніне тағы көзі жетті. Керемет қыз! Ол бірден үзіліс нүктесіне басып, фильмді тоқтатып тастады. Анна оны сүйді де:
– Фильм ұнады ма? – деді.
– Жақсы фильм екен, дегенмен оны оңайырақ түсін-дірсе де болатын сияқты. Актер ретінде сценарий жақсы, бірақ басты кейіпкерлер қажетті эмоционалдық әсер бере алмай тұр дер едім.
– Шынайы жауабыңа рақмет, – деп басын изеді Анна. – Марк мені осы үшін жұмысқа алды емес пе, мен оның ғылыми тілін эмоциялық тілге аударамын. Кейбірі фильмге де кірген. Мысалы ментальдық фитнес дегені. Бұнымен біз бақыт та, өзіндік сана да аспаннан түспейді дегіміз келеді. Екеуі де белгілі бір күш-жігердің арқасын-да келеді.
– Фильмді менімен бірге көруге уақытың бар ма? – деп сұрады Карл Аннадан.
Анна басын изеді де қасына отырды.
– Қазір маңызды жері басталады. Ол жерден мидың қалай жұмыс істейтінін және оны қалай өзгертуге бола-тынын білетін боласың. Егер мидың жұмысын өзгертсек, сен де өзгересің, өмірің де өзгереді. Дегенмен, бұл жерде баяндау тәсілі тым құрғақ екенін ескерткім келіп тұр. Алайда ол да жаман деген сөз емес. Кей жерлерін екі-үш рет тыңдауға тура келеді. Оның мәні зор екеніне өзің көз жеткізетін боласың. Осылайша сен бірден өзіндік сананы өзгертетін ғылыми негіздерді меңгеретін боласың.
– Сенімен бірге ол керемет бола түседі, – деп сыбыр-лады Карл.
Фильмде ары қарай түрлі ғалымдар өзіндік сана сала-сындағы ғылымның түрлі жетістіктерін баяндады.
Өзіндік сана деңгейін көтеруге бола ма? Ғылым «иә» деп жауап береді. Неге екенін түсіндіріп берейік.
- 1. Жадымыз бізге ықпал етеді. Естеліктердің сипатына қарай біз не мұңаямыз не көңіліміз көтеріледі.
- 2. Сондықтан да белгілі бір деңгейде естеліктерімізді басқа-ра білуіміз керек. Біз позитивті сәттерге басты назар ауда-рып үйренуге қабілеттіміз.
- 3. Ол үшін жадымызда позитивті естеліктерді сақтау қажет. Оны өзіңіздің сәттіліктеріңізді күнделікке жазу арқылы жүзеге асырса болады.
- 4. Біз қалаған сәтімізде жадымыздағы позитивті естелік-терді тірілте аламыз.
- 5. Палеонтологтар сүйектердің үзіндісінен динозаврды құрас-тырғаны сияқты сіздің миыңыз да позитивті естелігтерден керемет үлкен нәрсе құрастыруға қабілетті. Бұл бірнеше естелік үлкен эмоционалдық конструкцияның негізі бола алады деген сөз.
- 6. Біз бұны негативті естеліктерден жасап жүргеніміз секілді позитивті естеліктермен де жүзеге асыра аламыз.
Экранда қорқыныш символы ретінде ашулы тира-нозавр, ал тыныштық пен бақыттың символы ретінде мейірімді бронтозавр көрсетілді.
- 7. Біз өзімізді асқақататып аспанға көтере де, төмен түсіріп те тастай аламыз. Бірнеше негативті нәтижелерін еске алған адам өзін жолы болмайтын адаммын деп есептейді. Ал егер ол табыстарына назар аударатын болса, өзін батыр санай-ды. Бұл «жеңімпаздың эмоционалдық образын жасау» деп аталады.
- 8. Мұндай жағдай әдетте бейсаналы түрде жүзеге асады.
Карл фильмді тоқтатты.
– Енді мен сенің түсіндіргеніңді рахаттана тыңдар едім, – деді ол.
Анна да көп күттірген жоқ:
– Біз ұдайы энергиямызды екі бағыттың біріне жұмсаймыз: не өзімізді төмендетеміз, не көтереміз. Бала кезімде мен әкемнің дүрбісін тауып алдым. Мен оған қарап тұрып, барлық нәрсені үлкейтілген қалпында көрдім. Оны бақылап тұрған әкем: «Енді келесі жағымен көр» деді. Солай қарағанымда бәрі кішірейіп кетті. Әкем: «Дүрбіден өзімізді де көруге болады. Қай жағымен қарау-ды тек өзіміз шешеміз, сондықтан да өзімізге кейде кішкентай, кейде үлкен, кейде жақсы, кейде жасан боп көрінеміз» деді.
– Онда үлкен жағымен қарағанымыз дұрыс, – деп күлді Карл.
Олар фильмді жалғастырып көре бастады.
Біздің естеліктеріміз өзгеріссіз қалыпта сақталмайды, біз оларды жаңартып отырамыз. Ол төмендегідей жүзеге асады: 9. Өткен шақтағы оқиғаны қалай еске түсіретініміз көңіл-күйімізге байланысты. Психологтар мұны көңіл-күйдің конгруэнттігі деп атайды. Біз жадымыздан қазіргі көңіл-күйімізге сәйкес жағдайларды таңдап аламыз. Егер біз позитивті көңіл-күйде болсақ, онда өткеннен жағымды естеліктерді іздейміз. Бұдан көңіл-күйіміз одан әрі жақса-ра түседі. Егер біздің көңіл-күйіміз жоқ болса, өміріміздегі мұңды жағдайлар есімізге түседі. Бұдан көңіл-күйіміз одан сайын түседі.
Егер көңіл-күйіміз жоқ болса, есімізге өміріміздегі келеңсіз сәттер түседі. Бұдан көңіл-күіміздің одан сайын нашарлайтыны белгілі. Біреулер дауласып отырған жағдайда да, қарсыласымыздың ұнамсыз жақтары есімізге түседі, оны бірден үлкен диназаврға айналдырып жібе-реміз.
Осыны біз өзімізге де істейміз. Естеліктеріміз өзгеріс-сіз жата бермейді, біз оны көңіл-күйімізге қарай жаңғыр-тып отырамыз. Сондықтан да, өзімізге жақсы көңіл-күй сыйлағанымыз дұрыс. Сонда ғана өзімізден: «Мен нені жақсы жасадым?» деген сұраққа оң жауап ала аламыз. Осы кезде ғана өзіміздің жетістіктерімізді еске түсіріп, көңіл-күіміз көтеріледі.
Карл үзіліс нүктесіне басты да, Аннаға сұраулы жүзбен қарады. Анна оның сұрағын күтпестен:
– Негативті спираль бар, оған түсіп кетсек, өзімізді күннен күнге нашар сезіне береміз. Өзімізді кішкен-тай сезінеміз де, өткен шақтан да өзімізді солай көреміз, нәтижесінде тіпті кішірее береміз, – деді.
– Бұл жаман, – деп қостады Карл.
– Иә, жақсысы шамалы. Бірақ бұл сызба керісінше де жұмыс істейді: біз өзімізді жақсы сезінеміз, сосын жады-мыздан жағымды естеліктерді тірілтеміз, осыдан өзімізді одан да жақсы сезінеміз.
– Мұның маған не керегі бар? – деп сұрады Карл.
– Объективті естеліктің болмайтыны сияқты объек-тивті шындық болмайды дегенді түсіну үшін. Біз қазіргі жағдайымызға қарай өз естеліктерімізді жаңартып отыра-мыз. Сондықтан жақсы көңіл-күйде жүруге жаттығу керек. Осы жағдайда естеліктерің де позитивті болады.
Біз әрдайым дүрбімен қараймыз. Біздің істеген әрекеттеріміздің барлығы белгілі бір көзқараспен баға-ланады. Естеліктерге де, тап солай қараймыз. Сондықтан біз оларға жақсы жағынан қарап үйренуіміз қажет.
Бақытты болу үшін өзіндік сананы дамытқандай күш-жігер жұмсау керек. Мысалы спортты алайықшы, жаттықпаған адамға алғашында бәрі қиын болады. Алай-да біршама уақыт өткен соң оның жұмсаған күші оған ләззат сыйлайды. Өзіндік сана да дәл сол сияқты, оны жаттықтыру қажет, ментальдық формаңды жақсарту қажет. Өзіндік сана жоғары болған сайын ментальдық формаң да жақсара түседі.
– Сен тіпті данышпансың ғой, – деп Карл таңқалды. – Білемін, – деп Анна жымиды. Бұл оған өте жара-
сымды еді. Олар фильмді көруді жалғастырды. Аннаның арқасында Карлға бәрі түсінікті болды.
Қайталау арқылы білімді бекіту:
- Неврологтардың зерттеуі бойынша біз оқиғаны жиі есімізге түсірген сайын естелік те нақтылана түседі екен. Сондықтан біз жетістіктерімізді жиі есімізге түсірген сайын, олар ұмытылмай, жадымызда сақтала береді.
- Біз шын мәнінде оқиғаны бастан кешіп жатырмыз ба, әлде ол туралы есімізге түсіріп отырмыз ба, оның маңызы жоқ. Егер өткен шақтағы жетістігімізде біз жеңімпаз болсақ, оны есімізге түсіріп отырып, тап қазір әлем чемпионатында гол соққандай сезімде боламыз.
- Біздің миымыз үшін жағымды естеліктеріміздің сапасы емес саны маңызды. Әрине санамыз егде әйелге бағдаршам-нан өтуге көмектескен әрекетімізден чемпионатта соққан голымыздың маңызы зор екенін айтады. Алайда зерттеулер көрсеткендей, жеңіс голын соққан ойыншының өзіндік сана деңгейі қалыпты жағдайға бірнеше айдан кейін келеді екен. Біздің түпсаналық жүйеміз айырмашылықты сезінбейді. Ол үшін табыстың бәрі бірдей. Жадымызда сәттіліктеріміз жатталған сайын біз өзімізді табысты адам деп есептейміз. Нәтижесінде финалдағы ойыншы өмірде бақытсыз адам болуы мүмкін, ал күнделікті өмірде шағын болса да табысқа кенеліп отырған адам бақытты болуы мүмкін.
– Жеткілікті. Менің қазір басым жарылады, – деді Карл.
– Сен әлі ғалымдардың алғашқы зерттеулерін ғана тыңдадың, – деп күліп жіберді Анна. – Мен түсіндірген-нен кейін осы материалдарды кездестіретін болсаң, саған түсініктірек болады.
– Ал егер мен осыны екі минуттан кейін сегіз жасар балаға түсіндірер болсам ше? – деді де, Карл басына келген осы идеяға өзі таңқалды.
– Олай болса қағазға бірдей ұзындықта екі сызық сызу керек, – деді ойланбастан Анна. – Бір сызықтың екі шеті-не ішке бағытталған, екіншісінің шетіне сыртқа бағыт-талған стрелка сал, - деді де, Анна қағазға сызып көрсетті:
Карл таңқала:
– Жоғарғы сызық енді ұзынырақ болып көрінеді.
– Иә, – деп растады Анна. – Миымыз екі сызықтың бірдей екенін білсе де сызықтың бірі ұзын, екіншісі қысқа болып көрінеді көзімізге. Өзіндік сана да дәл сол сияқты. Ол төменгі деңгейде болса, біз де өзімізге кішкентай болып сезінеміз, өзімізді үлкен істерге лайықсыз деп санаймыз, өзімізге сенбейміз. Жететін нәтижеміз де сәйкесінше жоғары емес. Ал егер өзіндік сана деңгейі көтерілсе, өзімізге күшті, құзыретті, қабілетті боп көрі-неміз. Үлкен істерге дайын боламыз. Біздің қабілетіміз де арта түседі.
Сонан соң Анна жазуы бар қағаз алды. Онда былай деп жазылған екен:
Сен өз ойыңмен өзіңді қалыптастыра аласың
– Бұл жерде мәселе жазудың мазмұнында емес, қағаз-дағы ақ пен қара түстің ара-қатынасында болып тұр. Мұнда қара шрифт көп пе, әлде ақ түс көп пе?
– Әрине ақ түс көп, – деді Карл. Оған Аннаның не дегелі тұрғаны қызық еді.
– Айталық ақ қағаз адамның өмірі делік. Қара шрифт оның әлсіздіктері мен жеңілістері, ал ақ түс оның күшті жақтары мен табыстары дейік. Кейбір адамдар қағаздың бетінде жазу көп болмаса да тек қара шрифті көреді. Олар қағаздың көп бөлігін ақ түс алып жатқанын байқамайды да. Біз «Өзіндік сана» академиямысында өмірдің жақсы тұстарын көруді үйретеміз.
Карлға бұл ой қатты әсер етті, әйтсе де ол бір ауырлық пен сенімсіздік сезінді. Ол өзінің жақсы жақтарын емес, әлсіз тұстарын ғана байқайтынын түсінді. Сәтсіздіктері табысына қарағанда жадысында көп сақталады екен. Ол осы ойын Аннамен бөлісті. Анна болса оған мейіріммен қарап:
– Сен ғажапсың. Мен саған таңданудан шаршамай-мын, – деді.
Карл барлық комплименттерін тыңдап тұра берер еді, алайда онымен өзінің келіспейтіндігі тағы бар. Ол өзін сиқырлы әлемге түсіп кеткендей сезінді. Бір жағынан, өзіне басқаша көзқараспен қарап, өзін жақсы, күшті, керемет сезінгісі келді. Өзін Анна мен Марктің көзімен көргісі келді. Екінші жағынан, ол бар күшімен өзіне деген ескі көзқарасына жабысып болар емес.
Кейінірек Карл Маркпен кездесіп қалды. Марк:
– Ертең мен бір керемет сарапшымен кездеспекпін. Онымен кездескен сайын өзіме бір жаңалық ашамын. Ол қорқынышты жеңудің шебері. Менімен бірге барасың ба? – деді.
Карл әрине келісті.
– Қуаныштымын. Онда ертең мен саған сағат тоғыз-да келемін. Біз Михаэльге барамыз. Ол саған ұнайтыны-на сенімдімін. Онымен кездескеннен кейін, сен қорқы-нышқа басқаша қарайтын боласың.